Ол жерге жақын а тұрады
Бұл махаббаттың таусылмас жырларының бәрінде болмаса да, бір парасында қос ғашық әңгімесіне символ күмбез болып сипатталады. Әр жыр желісінде күмбез, мола, бейіт, кешен, мұнара, ескерткіш, мүсін, әйкел атаулары араласа жүреді. Дерлігі жырдың ұзақ жылдық тарихында өзгеріп отырған атау-терміндер. Оның түп төркіні түркі қағанаты кезінде мәлім болған.Шынайы махаббат символы– Қозы Көрпеш пен Баян сұлу нағыз махаббат қаһармандарын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында 15 сәуір – Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні ретінде аталып келеді.
Қазіргі ақындардың ішінен Қалқаман Сарин ағамыздың шығармашылығы өте қатты ұнайды! Әсіресе "Менің мұңым" атты өлеңі жаныма жақын.
Тұншықтырып тірлігімді тынымсыз,
Тас төбемнен төнді тағы Түн үнсіз.
Маған қарап мұңаяды мың жұлдыз,
Жетімсіреп менің мөлдір мұңымсыз.
Менің мұңым, менің мұңым – мөлдір мұң,
(Мұңсыз өмір сүре алмаймын мен бір күн).
Түнгі аспаннан тұнық іздеп көз алмай,
Қарап жатып қанша жұлдыз сөндірдім.
Бүгін тағы құрбан болып бар үміт,
Санадан тыс құдіретке бағынып.
Мың жұлдыздың арасынан бір жұлдыз,
Ағып түсті. Жалғыздықтан жалығып.
Олар, сірә, ғашық менің мұңыма,
Мен де олардың құмар едім сырына.
Мұңсыз – мінсіз ғұмыр кешу, құдай-ау,
Қасірет қой жердің Ақын ұлына.
Әппақ Айдың бір сәулесі тисе артық,
Кетер, шіркін, көңілімде күй шалқып.
Өзгеше бір өлең жазып отырам,
Мың жұлдыздан мұңдарымның иісі аңқып.
Менің мұңым сәуле төгіп Күнге ұқсап,
Мұңлы шаққа сыйлайды бір нұрлы сәт.
Түнгі ызғардан тоңып тұрған томсарып,
Жұлдыздардан гүл жасайды бір құшақ.
Аспанымда – тұнып тұрған күміс шық,
Аспан асты – сыр ұқтырған тыныштық.
...Өзім сүйіп, өзім күйіп жататын,
Менің мұңым ып-ыстық.
Балалар үйі[1] — ата-анасыз қалған балалар үшін құрылған тәрбие беру мекемесі. Балалар үйін ұйымдастырудың мақсаты — балаларға мемлекет тарапынан пана болу, материалдық, моральдық көмек беру, олардың білім мен тәрбие алуына қолайлы жағдай жасау, мамандық таңдауына көмектесу, тәуелсіз өмір сүруге даярлау. Жалпы білім беретін оқу-тәрбиелік мекемелерде балалар 3 жастан 18 жасқа дейін толық мемлекет қамқорлығында болады. Қазақстанда алғашқы Балалар үйі 1918 жылы ашылды. Кеңес өкіметі кезінде Балалар үйінің: мектепке дейінгі (3—7 жастағы бүлдіршіндер); мектептік (7—14 жастағы балалар); аралас (бүлдіршіндер мен мектеп жасындағылар) және арнаулы (ата-аналары 2-дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан балалар) түрлері болды. 1956 жылы Қазақстан үкіметінің қаулысы бойынша Балалар үйінде болу мерзімі 18 жасқа дейін ұзартылды. Мектептік Балалар үйі мектеп-интернат болып қайта құрылды (1959). Балалар үйіндегі балалар тобының көпшілігі отбасы үлгісінде ұйымдастырылған: ағайынды, апалы-сіңлілі балалар бірге өмір сүріп, тәрбиеленеді. Тәрбиеленушілер жақын маңда орналасқан мектептер мен оқу орындарында оқиды. Мектеп бітірген соң, арнаулы орта, жоғары оқу орындарына конкурстан тыс қабылдануға құқылы. Мұнда олар жалпы ережелерге сай мемлекет қамқорлығына алынады.[2][3]
Объяснение: