Ойын сауық, әдет-ғұрып ойындарының бір түрі - "Тоғыз аяқ, тоғыз табақ". Бұл әсіресе қазақтың баласын үйлендірерде қыздың әкесіне барып, құда түскенде, екі жақтың келісімі жарасқан шат-шадыман, туыстық жарастық көңіл күйді білдірген. Осы құда түсу кезінде қонақ сыйларын "тоғыз аяқ, тоғыз табақ" деп атаған. Халықтың әдетінде жайшылықтағы қонақ асы бөлек те, құданың асы бөлек берілген. Құдалардың арасындағы сөз әбден келісіліп болғаннан кейін, енді құданың қайтардағы қонақ асасы тағы бөлек - "құйрық-бауыр" болған. Мұнда құйрық май мен бауыр туралып, оған қосымша айран араластырып, қайтар жолда жесең де жейсің, жемесең де жейсің деген ойын-кәде жасаған. Жемесең тойғаныңның белгісі деп, құдаларға асатқан кезде айранды бет-аузына дейін түгелдей жағып шыққан. Құда енді бұл асатудан тек кәдесін жасап барып әрең құтылған. "Құйрық-бауыр" асататын көбінесе жас келіншектер болып келеді де, олар асататын адамдарына арнайы ән айтумен болады. Қатынасушылар көбінесе тапқырлық, шапшаңдық көрсетіп жазадан құтылып кетуге, асатушылардың саусақтарын тістеп алуға тырысады.
Объяснение:
мен жазғанбын бұне
Спортпен айналысқан адамдың денсаулығы мықты, әрі шыдамды болады. Денсаулық адамдың ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен шұғылдануымыз керек. Спорттық ойындардың түрлері көп. Олар: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу және т.б. Спорттың адам өмірінде қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын біз білеміз. Күнде таңертең ерте тұрып, «Балапан» телеарнасымен бірге түрлі жаттығулар жасаймыз. Дене жаттығуы а қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Спорт адамды шат-шадымен өмір сүруге жетелейді. Спорт – белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс түрінде өтетін әрекет. Қандай спорт түрі болмасын, халқымыз қайсарлық пен жігерлігімен көзге түсіп, сан сайыста жеңіс тұғырынан көрініп келуде. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды өзге ұлт өкілдеріне тыңдатқан спортшыларымыздың есімдерін біліп, оларды ылғи да мақтан тұтамыз. Біздің елдің футболшылары да мақтауға лайық. Оларға мысал келтірсек: Астана футбол клубы Еуропа лигасы, Чемпиондар лигасы турниріне тұрақты қатысып жүр. Біздің елде Олимпаида чемпиондары көп. Оларға: Дмитрий Баландин, Ниджат Рахимов, Данияр Елеусінов, Александр Винокуров, Серік Сәпиев және т.б. Спортпен айналысуды ұмытпаңыздар!
Денсаулық туралы шығарма
Мен спортпен әуестенетін адамдардың қатарына кіремін. Күн сайын таңертеңгілік жаттығулар жасаймын, бұл маған сабаққа барар алдында ұйқымды ашуға көмектеседі. Бос уақытымда, достарыммен бірге коньки тебуге және жүзуге барып тұрамын. Осының арқасында денсаулығым жақсарып, сирек ауратын болдым. Ғалымдардың айтуынша, күніне 30-40 минут уақытыңды спортқа бөлсең, ауруға шалдығу қаупі 30%-ға азаяды. Спорт жаттығулары ағзаның иммунитетін көтереді, сол себепті спортпен шұғылданатын адамдар, вирустық инфекцияларға бейім болмайды. Физикалық белсенділік қан тамырларына жағымды әсер етеді. Жүрек – дененің ең маңызды органы, оның дұрыс жұмыс істемеуі, ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Күнделікті жаттығулар – жүрек-тамыр жүйесінің қызметінің жақсаруына кепілдік береді. Сондай-ақ, жаттығулардың көмегімен, қарт адамдардың буыны мен бұлшықеттері күшейеді. Барлығы спортпен айналысуы керек, әсіресе денсаулығы нашар кісілер. Бүгінгі таңда көптеген спорт секциялары бар, ол жердегі тәжірибелі жаттықтырушы, сізге ұнайтын жаттығу түрін таңдап береді. Салауатты өмір салтының қарапайым қағидаларын ұстанатын болсаң, денсаулығынды нығайтып, өміріңді ұзартуға мүмкіндік аласың. Сонымен бірге, дұрыс тамақтануды, ұйқының жақсы болуын және таза ауада серуендеуді ұмытпаған жөн.
Объяснение:
чо там
Біз соғысты көрмеген ұрпақпыз. Алайда, соғыстың халыққа қасірет, қайғы әкелетінін жақсы түсінеміз. Соғыс ардагерлерімен болған кездесулерде қатты тебіренеміз, олардың ерлігіне бас иеміз.
Олар кімдер? Олар да ет пен сүйектен жаралған қарапайым адамдар. Олар алдарына үлкен мақсат қойып, бейбіт өмірді бастан кешті. Жалындаған жастық кезеңін кенеттен от шарпыды. Амалсыздан қолына суық қару алып, ел-жұртын фашизмнің қанды шеңгелінен қорғауға аттанды. Соғыста теңдесі жоқ ерлік көрсетіп, қанқұйлы жауды ойсырата жеңді. Олардың әрқайсысы батыр деп аталуға лайықты.
Батыр дегеніміз - ел басына күн туған шақта ел-жұртын жанын аямай қорғай білу. Қазақ халқы - ежелден батыр халық. Бұған сан ғасырлық тарихымыз, батырлық дастандарымыз айғақ. Сол шайқастарда талай боздақтарымыз қыршынынан қиылды, елінің болашағы үшін жанын пида етті. Сол ерлікті ұмытуға бол ма?
Соғыс ардагері былай деп сыр шертеді:
- Вагон–вагонға тиеліп соғысқа аттандық. Жол алыс. Поезд жиі-жиі тоқтайды. Бір жерге келгенде ұзақ тоқтадық. Жігіттер ермек қылып, күзгі маяларды өртей бастады. Кенет бір шөмеленің астынан быжынаған тышқандар тырым-тырағай қаша бастады. Ішіміздегі еңгезердей жігіт бір тышқанды ұстап алып, бойы аласа, талдырмаш жігітті қуа жөнелді. Анау ойбайлап қашады, бәріміз мәзбіз.
Сол жүргеннен жүріп отырып, бірден Москва түбіндегі шайқасқа араласып кеттік. Бір ұрыста жаудың анталаған танктерінің шабуылына тап болдық. Әлгі енгезердей жігітіміз бірінші боп қаруын тастап, қаша жөнелді. Ал бәріміз мазақ еткен әлжуаз досымыз сол ұрыста жаудың төрт танкісін жайратты. Кейін Батыр атағына ие болды. Сірә, ерлік білекте емес, жүректе.
Иә, ерлік жасау үшін ел-жұртын жан-тәнімен сүйе білу керек. Совет жауынгерлері өз Отанын сүйді, елде қалған ағайын-туысын, ел-жұртын қорғады. Жау кезеген қару оларға да бағытталды. Олар атақ алу үшін емес, елінің намысы үшін қан төкті. Осы соғыста 104 қазақ жауынгері Совет Одағының Батыры атанды. Айрықша ерлік көрсеткен қаншама солдатқа солақай саясаттың салдарынан ол атақ берілмей қалды. Әйтпесе, Бауыржан мен Рахымжанды көзі тірісінде-ақ халық батыр атап кетті.
Қазір сол Жеңістің өзіне күмәнмен қарайтын адамдар аз емес. Ол соғыс адамзатты фашизмнен азат етті. Ол Жеңіс болмаса, қазіргі әлем мүлде басқа күйге түсер еді. Демек, оны ұмыту - ата бабаларымыздың ерлігін, төгілген тер мен ағылған қанды ұмыту. Ол соғысқа қандай баға берілсе де, ол біздің де тарихымыз, жүріп өткен жолымыз. Ал тарихты ұмытқан бораған тасқа тап болары сөзсіз.
Қазір ба здерде, телеарналарда осы оқиғаға байланысты жиі-жиі хабар таратылып жатыр. Мына хабар өзіме ерекше әсер етті.
Кейуана соғыс кезіндегі сарғайған фотоларға көзінің жасын тамыза отырып, қан майданда кешкен жолдасы үшін нәпақасын ала алмай жүргеніне налиды. Сөйтсе, бар себеп – жауынгердің соғыста жарақат алмауы екен. Осы әділдік пе? Қазақ: «Қырық жыл қырғын болса да, ажалсыз өлмейді», деген ғой.
Соғысқа қатысқан әрбір жауынгер құрметтеуге лайық. Біз, жас ұрпақ, сол ата-бабаларымыздың ерлігін қастерлеп, өзімізге әрқашан үлгі етуіміз қажет. Соғыстың бетін аулақ қылсын. Алайда ел басына қатер төнсе, елімізді біз қорғамағанда, кім қорғайды? Азат елдің ұл-қыздары ерлік дәстүрлерін де берік ұстануы қажет.