Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ. «Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
Киелі өлкем Қазақстан! Ең алғаш кіндік қаным тамып өскен жерім. Ең алғаш ана сүтімен бойға дарыған туған тілім... Мен бүлдіршін болып ойнаған кезім. Бәріде бұл өлкеде болған оқиға. Сондықтан да мен "Қазақстаным!"деп мақтана айта аламын. Мен өз елімнің нағыз патриотымын! Мен секілді патриоттар тұрғанда бұл елдің жалауы төмен түспес! Себебі, мен, отаным үшін жанымды аямай қызмет етуге даярмын. Өз халқымды, жұртымды қашанда ұлықтап,көмек беруге әзірмін!
Қазақстан сан қилы оқиғаны бастан өткізді. Оның жаны қиналды, жаны жаурады. Бірақ, аяққа тік және нық тұрды. Тарихымызды парақтайтын болсақ, халқымыздың қуанышты сәттерінде ағаруға болады. Шынында, Қазақ-тарихы алтын мемлекет...
Қазақстан- жаңа даму жолында. Біздің мемлекет жас, өркениеті, мәдениеті танылып келе жатқан ел. Айбынды қазақ елдің керегесін кешегі Жәнібек, Керей, Қабанбай, Наурызбай, Махамбет, Истай, Абай, Мағжан, Алихан сынды ақындардың, батырлардың қанымен, терімен, жалынды жырларымен қаланған деп ойлаймын. Бүгінгі таңда қазақ елінің керегесі түзу, ел іші тыныш, көрші елмен сәлемі түзу. Міне Менің Қазақстаным!