Менің ойымша, бұл "алып қашудың" жақсы да, жаман да жағы болады. Мысалы, біздің салтымыз бойынша қызды алып қашқанда, қыздың ата-анасы егер де жігіт жаққа жоқ деп жауап берсе ұят деп саналады, қыз жағына да, ұл жағына да. Сондықтан жұрттың алдында ұятқа қаламыз деп ата-анасы қызды ол жақсы көрмейтін ұлға да беруі мүмкін. Бірақ бұл тек бір жақтан ғана қарағандағы тұжырым. Жақсы жағынан қарасақ, "алып қашу" салт-дәстүрі ғашықтардың көбісіне көмек тесуі мүмүкін. Мысалы, екі ғашық жан отбасы құруды армандайды, ал олардың ата-аналары олардың отбасы құруына қарсы. Сол кезде жігіт қызды алып қашса, ата-аналар оларға "жоқ" дей алмайды. Осы менің тұжырымдарыма және көз-қарастарыма сүйенсек, менің беретін нақты жауабым жоқ.
табиғат аясында әңгіме
Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз: «Табиғат - адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» - деп бекер айтпаған. Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі.