1. Биоалуантүрлілікке не жатады? А) Экономикалық ресурстар В) Дүниежүзілік материктер
С) Салт-дәстүр және ырымдар Д) Жануарлар, өсімдіктер, микроағзалар
2. Биоалуантүрліліктің қысқаруына себеп болған факторды көрсет.
А) Егістік жерлердің көптігі В) Бау-бақшаның қарқынды өсуі
С) Қала тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету
Д) Ормандарды үздіксіз шабу
3. Аң аулау неге әсер етеді?
А) Биоалуантүрлілікке В) Экономикаға
С) Ақша айналымына Д) Адам денсаулығына
4. Сөйлемді толықтыр.
Қосмекенділердің бірі құрғақ климатқа бейімделсе, ...
А) қоныс аударады В) жылы жерге үйрене алмайды
С) орманды аймақтарды таңдайды
Д) енді бірі сулы аймақтарда тіршілік етеді
5. Мақалдың мағынасын аш.
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ».
А) Адамның тіршілігінің негізі табиғат болса да, адам табиғатқа зиянын тигізіп келеді.
В) Адам мен табиғаттың үндестігі.
С) Отбасымен табиғат аясында демалған пайдалы, әрі тиімді.
Д) Адам тек табиғатта өмір сүреді.
Әнші құм
Қазақстанның кең байтақ дархан даласы әлі күнге дейін толық зерттелмеген, сыры ашылмаған құпияларға толы. Кең байтақ жеріміздің аумағында табиғаттың көз тартар небір құбылыстары мен қайталанбас өзіне тән ерекшеліктері бар. Солардың бірі «әнші құм» (кейбір деректерде Айғай құм) – Алматы облысы Кербұлақ ауданы жеріндегі Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе, Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км-ге дейін жетеді. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қо тұратын төбеге айналған.
«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Айғай құм немесе Әнші құм» атты құмды төбені өз қамқорлығына алған. Кейбір деректерге сүйенсек, «Алтынемел» ұлттық қорығы кезінде Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапарында пана болған деседі.
Ал енді бұл өңір неліктен «әнші құм» атанып кетті екен? Осыған тоқталып көрейік. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады.
Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығарады. Алайда, желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған. Құмның тағы бір ерекшелігі – ол басқа құмдар сияқты орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр.
Осындай табиғи ерекшелік әлемнің басқа жерінде жоқ деп айтсақ та болатын шығар. Тіпті кезінде Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан бұл табиғат ескерткішіне жолаушылар әдейілеп ат басын бұрған деседі.