Ең алдымен тұлға деген ұғым - тарихи өлшем. Яғни, тарихи тұрғыдан ел, халық үшін орасан зор, тарихи мәні терең іс-әрекетке барған немесе аса жауапты тарихи сәттерде халық тағдырында айрықша орны болған адамға халықтың өзі осындай бағаны беріп отырған. Міне, қазақ тарихының белесінде осындай орасан зор халықтық мәні бар тарихи оқиғаларға араласқан немесе осы тарихи оқиғаларды басқарған ұйымдастырушы болған, әйтпесе асқан ерлік көрсеткен азаматтар - халықтың тұғырлы тұлғасына айналып отырған. Қазақ ұлтының бағына, тағдырына орай Тарих-ана әр ғасырда жаужүрек, батыр тарихи тұлғалы ұлдары мен қыздарын мол жаратқан. Қазақ жерінің бір сүйемі де осылардың арқасында жаудың қолында кетпей, асқақ тарихымызды, намысты қолдан бермей, мәдениетінде, тұғырлы тілінде қай жағынан болмасын, қазақ тарихында тұлғаларымыз мәңгі өшпей қала бермек. Мысалға: тарихи тұлғаларымызды жік-жігімен бөліп қарайтын болсақ, айтарга ауыз толтырарлықтай, дана бабаларымыздан сонау Тоныкөк, Күлтегін, Білге қаған, Қорқыт, Қайыр хан, Кетбұға, Бейбарыс Сұлтан, Асанқайғы Сәбитұлы т.б дана тұлғаларымызбен жалғаса келе, ұлы хандарымыз Жошы хан, Тәуке хан, Керей хан, Жәнібек хан, Қасым хан, Әбілхайыр хан, Абылай сияқты т.б тарихтың таразысынан ойып тұрып орын алатын тарихи тұлғаларымыз бен бері келе қоғам қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышбаев, Тұрар Рысқлов, Мұстафа Шоқай, Темірбек Жүргенов, Дінмхаммед Ахметұлы Қонаев сияқты т.б қоғам қайраткерлері, Оқу-ағартушылардан Әбу Насыр әл Фараби, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов сынды т.б
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/51205/
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын.