М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Ванёк20061
Ванёк20061
17.05.2020 10:21 •  Қазақ тiлi

3 тапсырма 172 бет 8-сынып қазақ тіл

👇
Ответ:
retwegret
retwegret
17.05.2020

Бос уақытын бар ма?

Ақылын, арын бар ма?

Сенің рухын бар ма?

Сен азбайсында,тозбайсында неге?

Ұйқастырған ойларын бар ма?

Ақ басынды иесін бе?

Объяснение:

99999999999%дұрыс.

Лайк басып, тіркеліп, 5 жұлдыз қойып кет

Сенің пікірін мен үшін өте маңызды♥

4,6(88 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
jendossia
jendossia
17.05.2020

Ғаламтордың пайдалы жақтары

Ғаламтор - ғылым мен техниканың шынайы жетістігі. Ол - сөзсіз. Интернетті қолдана алатын кез келген адам өзіне қалаған ақпарат мен мағлұматты тауып, қажетіне жарата алады. Мазалап жүрген сауалдарының жауабын табады. Әлемдік жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болып отыруға көмектеспек. Бұл жағынан интернет адамның білімі мен қабілетін, тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.

Ғаламтордың зияны

Өкінішке орай, жоғарыда айтылған ғаламтордың артықшылықтарына қарамастан, оның зиян жақтары да көп болып шықты. Ғаламторға деген тәуелділік қазір ғаламдық мәселеге айналып бара жатыр. Соның кесірінен адамдар арасындағы күнделікті байланыс бұзылып барады. Адамдар бір-бірімен сөйлесуді, әңгімелесуді, сырын бөлісуді ұмытып бара жатқандай. Жылы шырай танытып, шүлдірлеп сөйлесуден, жанды, табиғи қатынастан қалып барамыз.

4,8(64 оценок)
Ответ:
parahonya90
parahonya90
17.05.2020

Объяснение:

Сөз – тәрбие негізі" демекші бала сөзбен тәрбие алады. Себебі баланың еңсесін түсіретін де, жігерлендіретін де сөз. Барлық ата-ана баласына мақтауды да, даттауды да сөзімен білдіреді. Бала психологиясы жағымсыз, жаман әсерлерден тез жараланғыш келеді. Кейде балаға айтылған балағат сөздер немесе ашу үстінде аңдамай айтылған бір ауыз сөздің бала санасына қаншалықты ауыр соғатынын байқамай жатамыз. Ал мұның соңы бала тәрбиесінің бұзылуына әкелетінін білесіз бе? Керісінше бала ержеткен соң бойынан дөрекілік байқала қалса, қоршаған ортаға кінә артып, бала тәрбиесінде абайсызда жіберген қате-кемшіліктерімізді еске алмаймыз да. Назарларыңызға бала болмысының бұзылуына себепкер 10 жайтты ұсынамыз.

✅ 1. Сөгу. Хайуандарға теңей отырып баланы сөгу. Мәселен, ит, есек, өгіз, ей, хайуан деп.

✅2. Қорлау. Теріс сипаттармен тілдеу. Мәселен, кәззап, семіз, ақсақ, харамы, бейшара. Мұндай сөздер бұғанасы қатпаған баланың жүрегіне дақ салады.

✅ 3. Теңеу. Әр баланың басқаға ұқсамайтын өзінің бейімі мен қолынан келетін икемі болады. Ал басқа біреумен теңеу – баланы кемсіту. Бала бойындағы өзіне деген сенімділікті жояды. Нәтижеде өзін теңеген адамдарды жек көре бастайды. Мысалы, «Өзіңдей көршінің баласына қарашы...» деген сияқты теңеулердің теріс әсе ететінін аңғара бермейтініміз өкінішті.

✅ 4. Шартпен жақсы көру. «Сен бұлай еткенің үшін мен сені жақсы көрмеймін», «Мынаны жесең, сені жақсы көремін», «Сабағыңды дұрыс оқысаң, жаттауыңды қайталасаң, сені жақсы көремін». Шарт қойып, жақсы көру баланы қалаусыз және еріксіз әрекет жасауға итермелейді. Өсе келе, бала өз ошағынан, отбасынан жырақтап қалады. Сондықтан бала шынайылықты жақсы көреді. Өйткені бала ата-анасын ешбір шартсыз сүйеді.

✅ 5. Жалған ақпарат. Баланы өтірік ақпараттыр арқылы қорқытып немесе алдау, қоршаған орта жайлы қате түсінік пен ұғым қалыптасуына себеп болады. «Жыласаң, милиция алып кетеді» деп қорқытып өсірген бала ұғымында милиция бейнесі жағымсыз болып қалыптасып қалуы әбден мүмкін. «Ер азамат жыламайды», «Мына бала мені жынды етті», «Менің бұған шамам келмейді», «Біреуге беріп жіберемін», «Бабай келеді немесе милиция ағай алып кетеді» т.с.с. сөздерді айтуға болмайды.

✅ 6. Көңілін қалдыру. Баланың меселін қайтарып, көңілін қалдыру – оның бойына сенімсіздік ұялатумен қатар, талпынысты жояды. «Сен дымды да түсінбейсің», «Үніңді өшір», «Сенен түк пайда жоқ», т.с.с.

✅ 7. Қорқыту. Мәселен, «Басыңды жарамын», «Қаныңды ішемін», «Сені соямын» т.с.с. сөздер баланың өз ойын еркін жеткізе алмауға әкеледі.

✅ 8. Өтінішіне немқұрайлы қарау. Үнемі баланың сұрағанына «Жоқ, жоқ, жоқ» деп, себебін түсіндірмей жауап қайыру дұрыс емес. Сізден бір өтініш сұраса, қолдан келгенше орындап беріңіз.

✅ 9. Қарғау. «Сені Құдай алсын», «Өлгенің жақсы еді», т.с.с.

✅ 10. Масқаралау. Баланың намысына тиетін сөздер айтпаған ләзім. Мұның соңы баланың сотқар болып өсуіне әкеледі.

4,5(32 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ