Жылқы тұқымына қарай:
арғамақ
қазанат
абы
тобышақ
текежәуміт
қазақы ат
қарабайыр
пырақ
дүлдүл т.б. болып бөлінеді.Шабыс ат:
жүйрік
тұлпар
сәйгүлік
саңылақ
бәйге ат деп бөлінеді.
Салтанатқа мінетін ат: жорға
төкпе жорға
айдама жорға
шайқалған жорға деп бөлінеді.
Мініс аттары:
Аяқ ылау
жетек ат
қосақ ат
түп ат
көсем ат деп жіктеледі.
Өсуіне қарай:
Құлын - биенің жас төлі.
Жабағы - 6 айдан асқан құлын
Тай - жылқының бір жастағысы.
Құнан - жылқының екі жастағысы.
Дөнен - жылқының 3 жастағысы.
Сәурік-(3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны)
Бесті - жылқының бес жастағысы.
Саяқтар (бойдақ жылқылар):
Ат - піштірілген еркек жылқы.
Сақа ат - он бір -он екіге келген ат.
Арда емген - құнанына дейін енесін емген, ақ жілік болғаны.
Төл тай - өз енесі мен ежені бірдей еметін бір жасар жылқы.
Қысыр емген - құлынын тастаған биенің екі жасқа дейін емген бұрынғы төлі.
Шобыр - мініске, күш-көлікке өте мықты шабан ат.
Сетер ат - құлынынан қартайып өлгенше жүген-құрық, ер тоқым көрмеген ат.
Пішпе - піштірілген жылқы.
Биенің атаулары:
Бие - құлындайтын жылқының бес жасқа келгені.
Байтал - жылқының екі жастан бес жасқа дейінгі ұрғашысы.
Сүтіне қарай биелер:
Мама бие - өте сүтті бие.
Мәнерсіз бие - сүті аз бие.
Ақтандыр бие - сүті жоқ, сүт шықпайтын бие.
Исіншек бие - сауар алдында құлынына жанасып, исінген сүтін ағызып жіберетін бие.
Қысырақ атаулары:
Тұман қулық - үш немесе төрт жасқа дейін айғырдан шықса да құлындамай жүрген бие.
Көбен бие - қонданып тойына бастаған бие.
Ақжілік бие - құлындығында енесі сауылмай еркін емген бие.
Қаракемік бие - енесі сауылып, жүдеу, бос болып өскен бие.
Нәқұс (құтамсыз) бие - шаққан тегі нашар бие.
Құмай тұяқ бие - түяғы көп тасырламайтын бие,
Айғырлардың атаулары:
Жасамалы - үш-төрт жастан асқаны.
Сәурік - үш-төрт жастағы үйірге салынбағаны.
Құр айғыр - өмуру құрық-жүген тимеген айғыр.
Сыңар ен - түмысында бір ен болып туған.
Шартық - екі енінің бірі піштірілгенімен қалған айғыр.
Азбан - алты жасында піштірілгенімен айғырлық әдетін қоймай, биенің мазасын алатын айғыр.
Объяснение:
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізгі бағыты елдің ынтымағы мен бірлігінде. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болып саналады. Тәуелсіз елдің орнатқан қағидалары да сол бейбітшілік пен тыныштықтың аймағындағы құрған заңды ережелер болып табылады. Осы ереженің сақталуы жаппай, ақ-қара деп бөлмей баршадан бірдей талап етіледі. Тәуелсіз еліміздің тыныштығын бұзған кез-келген азамат қылмыскер атанады мейлі ол қазақ болсын, басқа ұлт өкілі болсын айырмасы жоқ. Біздің тәуелсіз ел ешкімді ұлтына қарап алаламайды.
Бірақ бұл өзінің ұлттық болмысынан бас тарту деген сөз емес. Керісінше ұлттың тұтастығымен амандығын сақтаудағы басты іс-әрекеті. Әрі қазақ ұлтының мығым және қуатты болу үшін жасалатын мемлекеттік қызметтің негізгі түрі. Кейбір қазақ азаматтары мемлекеттің осындай жалпыға ортақ заңдамаларына соқыр ақылмен жағымсыз пікірлерін айтып жатады. Немесе кейбір өзге ұлттағы Қазақстан азаматтары да «Біз бәрібір бөтенбіз қазақ қазақты жақтайды» деген ыңғайсыз пікірлермен сананы улайтыныда белгілі. Негізі бұның бәрі қате пікірлер. Мемлекет олай қазаққа бұрып, орысты сырып қызмет ете алмайды. Себебі олай етер болса өз тыныштығын өзі бұзған болып есептеледі. Ал тыныштығы қашқан мемлекет еш уақытта еңсесін тіктеп ұлт болып қалыптаса алмайды. Сондықтанда кез-келген Қазақстан азаматы заңға қорықпай жүгініп, мемлекеттке сенім артқаны жөн. Мемлекет халқына қалай сенім артса, халқыда солай мемлекетіне сенім артқаны құба-құп. Сонда ғана ағашы жемісті, баласы келісті болмақ.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті бейбітшілік мекені. Ата-бабамыз өз жеріне тағдыр айдап келген барша өзге ұлт адамдарын сыртқа тепкен емес. Керісінше Құдай дарытқан бауырмалдық қасиеттерінің нәтижесінде кең құшақ ашып туыс болып сіңісіп кеткен. Еш бір ұлт аралық қақтығыс болмаған. Барлығы басқа салған қиын тағдырдың қасіретін бірге арқалай білген. Соның арқасында бүгінгі тәуелсіз күнге жеттік. Сол бір кездегі осы қарапайым қалықтың қоғам арасындағы татулығының жемісі, бүгінгі күні бақытты күн кешудеміз. Біз осындай ата жолын ескере отырып бүгінгі таңда қандайда бір саяси қақтығыстарға еліктеген қарапайым халықтың арасында өздігінен ұлт аралық қатығыстар болады дегенге сенбейміз. Тек қандайда бір саяси жоспарлары бар белсенділер өздерінің көздеген мақсаттарына жету үшін халықты бір-біріне айдап салып, елдің берекесін алу арқылы жеке пайдаларын жаратып немес саяси іс-әрекеттерін жүзеге асырып жатады. Бұндай қыңыр ойлы кесапаттардың арбауына түспеуіміз керек. Егер елінің тыныштығын ойлаған әр азамат қандай жағдайда болмасын елдің берекесін алатындай әрекетке бармағаны жөн. Әйтседе бөтен ойлы бұзақылардың айласынан құтылуда оңай емес. Тек баршамыз бір нәрсені ұмытпауымыз керек біздің көп ұлттылығымыз тәуелсіздігімізге еш қандай кедергі келтірмейді керісінше біз өзіміздің ұлттар татулығының әсем көрінісімен барша әлемге үлгі екенімізді естен шығармайық. Бұл біздің тәуелсіздікті сақтап қалу жолындағы басты бағытымыз болуы тиіс.
Онлайн мектеп?
И текст болама