М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Nastyusha222
Nastyusha222
03.11.2022 09:55 •  Қазақ тiлi

Берілген сөздерді дұрыс нұсқада жөндеп, сәйкес бағандарға жазыңыз


Берілген сөздерді дұрыс нұсқада жөндеп, сәйкес бағандарға жазыңыз

👇
Открыть все ответы
Ответ:
паст145
паст145
03.11.2022
Қазақстан Республикасының мерекелері ҚР Президентінің 1998 жылы 20 қантардағы №3827 Жарлығы мен оған 2003 жылы 15 карашада енгізілген өзгерістерге сәйкес заңды түрде белгіленген ұлттық, мерекелік және кәсіби мерекелер жүйесі. Ұлттық мерекелер — Қазақстан Республикасындағы жаңа оқиғаларға, оның ішінде жеке мемлекет болып қалыптасудағы тарихи жағдайларға байланысты белгіленеді. Қазақстан Республикасында ұлттық мерекенің ең бастысы — 16-17 желтоқсанда аталып өтетін Тәуелсіздік күні. Айтулы күн 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі турапы» конституциялық заңын қабылдауымен байланысты. Осы күні республика өзінің тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет екендігін жариялады. Өз аймағындағы барлық билікке иелік етіп, ішкі және сыртқы саясат жүргізетін болды. Қоғамдық-саяси мәндегі оқиғаларға орай Қазақстан Республикасы азаматтарының дәстүрлі мемлекеттік мерекелері белгіленген. Олар:

Жаңа жыл (1-2 кантар)
Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз)
Наурыз мейрамы (22 наурыз)
Қазақстан Халықтарының бірлігі мейрамы (1 мамыр)
Отан қорғаушылар күні (7 мамыр)
Жеңіс күні (9 мамыр)
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні (30 тамыз)
Республика күні (25 казан).
Сонымен қатар елімізде 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. Кәсіптік мерекелер негізінен әр салада қызмет атқаратын азаматтардың төл мерекесі.Олар:

Отан қорғаушы күні (7 мамыр)
Медицина қызметкері күні (маусымның үшінші жексенбісі),
Ба з, теледидар жөне радио күні (маусымның соңғы жексенбісі )
Металлург күні (шілденің үшінші жексенбісі)
Көлік және байланыс қызметкерлері күні (тамыздың бірінші жексенбісі)
Құрылысшы күні (тамыздың екінші жексенбісі)
Спорт күні (тамыздың үшінші жексенбісі)
Шахтер күні (тамыздың соңғы жексенбісі ) ,
Білім күні (1 қыркүйек),
Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні (қыркүйектін бірінші жексенбісі)
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні (қыркүйектің үшінші жексенбісі)
Мұғалім күні (қазанның бірінші жексенбісі )
Ұлттық валюта күні (15 караша)
Ауыл шаруашылық қызметкерлер күні (қарашаның үшінші жексенбісі)
Энергетик күні (желтоқсанның үшінші жексенбісі).
Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері демалыс күндері болып саналады.
4,6(74 оценок)
Ответ:
linaangel20012
linaangel20012
03.11.2022
Оқу  - білім азығы,Білім – ырыс қазығы. Білім басы - бейнет, соңы - зейнет. Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт. Білімдіге дүние жарық.Білімсіздің күні кәріп. Көзі жоқ, құлағы саудыңАқылы толады.Құлағы жоқ, көзі саудыңАқылы солады. Өмір - үлкен мектеп. Өмірдің өзі - ұлы ұстаз. Жердің сәні - егін,Ердің сәні - білім. Жер - ырыстың кіндігі,Білім - ырыстың тізгіні. Білімді бесіктен тесікке дейін ізден. Өнер - ағып жатқан бұлақ,Ілім - жанып тұрған шырақ. Білімді өлсе,Қағазда аты қалар.Ұста өлсе,Істеген заты қалар. Кітап - алтын қазына. Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір. Көргенсіз дегенге кек тұтпа,Көргеніңнен көрмегенің көп. Ғылым - теңіз, білім - қайық. Алтын алма, білім ал. Ұстаздан шәкірт озар. Оқымаған бір бала,Оқыса екі бала. Жеті жұрттың тілін біл,Жеті түрлі білім біл. Әліппенің ар жағы - білім бағы. Ғылыммен жақын болсаң  , қолың жетер,Залыммен жақын болсаң, басың кетер. Шәкіртсіз ұста - тұл. Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла. Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім. Білімі жоқ ұл - жұпары жоқ гүл. Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын. Наданмен дос болғанша,Кітаппен дос бол. Асу бермес асқар жоқ. Білегіңе сенбе, біліміңе сен. Білім арзан, білу қымбат. Екпей егін шықпас,Үйренбей білім жұқпас. Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей,Егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей. Білім ауысады,Ырыс жұғысады. Ақыл - тозбайтын тон,Білім – таусылмайтын кен. Білген кісі тауып айтады,Білмеген кісі қауып айтады. Өз білмегеніңді кісіден сұра,Үлкен жоқ болса кішіден сұра. Ақыл –дария,Ой – теңіз. Оқығанның бәрі жарық,Оқымағанның беті шарық. Білек сүріндіре алмағанды,Білім сүріндіреді. Білегі күшті бірді жығады,Білімі күшті мыңды жығады. Қына тасқа бітеді,Білім басқа бітеді. Білетінің бір тоғыз,Білмейтінің тоқсан тоғыз. Күш - білімде, білім - кітапта. Кісінің кісілігі,Киімінде емес,Білімінде. Киіміне қарап,қарсы алады,Біліміне қарап шығарып салады. Білім гауһар-Бағасы жоқ.Надандық кесел-Дауасы жоқ. Қарғыстың ең жаманы -
Өзің білме,Білгеннің тілін алма. Түстік өмірің болса,Кештік білім жи. Білмесең үндеме,Білгенді күндеме.
4,5(50 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ