Ата-бабаларымыздан бүгінгі күнге көптеген ертегілер қалды.Солардың бірі – "Аяз би" ертегісі."Аяз би әліңді біл,құмырсқа жолыңды біл" деген бір-екі ауыз сөзді білмейтін адам жоқ шығар,сірә.Ертегінің бас кейіпкері – Жаман.Бұл кейіпкер - халықтың "елді осындай адам билесе екен" деген тілегінен туған кейіпкер.
Жаман ертегі барысында өзінің жақсы қырларын көрсетеді.Ханға жаман адамды,жаман шөп пен құсты анықтап береді.Қасиетті тастың,ханның тұлпарының сырын ашып береді.Тіпті хан:"Мен хан ұрпағынанмын ба?" деп оны анықтауды бұйырғанда,Жаман ханның отбасында тек өзі хан екенінің,арғы аталарының бәрі наубайшы болғандығын дәл айтып береді.Хандықтағы ауқатты байдың отыз бестегі қызын да өзінің ақылдылығымен,қайсарлығымен алады.Жаманның ханның сүйікті уәзірі болғандығын көре алмаған қалған уәзірлердің қастандықтарына да төтеп беріп,әділ болады.Ең соңында халық оны ақ киізге көтеріп хан сайлайды.
Қорытындылай келе,ертегіде «Жаман таққа мінген соң, ешбір соғыссыз, бес хандықтың қонысын біріктіріп, ел арасында достық орнатыпты» делінген. Әр ханның адамдары өз елінен әділдік таппаса, бұған келіп, қосыла беріпті. Сол уақыттан бастап әділдігі үшін бес ханның елі Жаманға: «Аяз би» деп ат қойып, сол аты өле-өлгенше қалды дейді.Оның жасаған әр ісінен көреген хан болғандығын байқаймыз.Объяснение:
Объяснение:
Алтын адам — 1970 ж. басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.
Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.
Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған.