Әдептілік адам бойындағы ең қымбат қасиет. Әдепті адам еш қашан дөрекі сөйлемейді, дауыс көтермейді, ұрыс- жанжал шығармайды, Барлығын ақылмен шешеді. Әдепті адам өзін өзгеден жоғары санамайды. Әдепті адам өтірік айтпайды. Әдепті адамның бойында ар-ұят бар. Ар-ұят адамдықтың белгісі. Әдепті адам ар-ұяттан ешқашан аттамайды. Ол мейірімді, саналы, салаутты болады. Өзінен өтінбесе ұятты адам өзгенің ісіне араласпайды. Ұятты адам өз арын байлықтан жоғары бағалайды. Ешқандай ақшаға, байлыққа қызықпайды. Мәселенің бәрін ақылмен шешеді.
Әдепті адамның киім киісі, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, қимыл, қозғалысы әдепсіздерден басқаша. Біз әрқайсымыз әдепті болуға ұмтылайық. Ар-ұяттан аттамайық. Адалдықты, адамгершілікті өміріміздің ерекше символы ретінде сақтайық. Жас ұрпақты тал бесіктен әдептілікке баулып, тәрбиелейік. Оларға өзіміз әдептілігімізбен үлгі бола білейік. Әдепті, ар-ұятты адам ел тірегі. Ол адал дос, аяулы азамат.
Объяснение: