1,Кейіпкерлері тарихта болды деген дерек бар немесе айтушылары өмір сүрді деп сендіре айтатын жырмен, қара сөзбен айтылатын әңгіме түрін аңыз әңгіме дейміз. Айтушылар кейде Қорқыттың , Қожанасырдың жүрген жері , моласы деп нақты жерлерді де айтады. Мүмкін аталған жандардың өмір сүруі де , болғаны да рас шығар, тек уақыт өті келе , кейбір оқиғалар ұмытылып, кей оқиғаларға сюжеттер қосылып өзгеріп, қырналып, толығып басқаша сипат алуы мүмкін. 2,Асан қайғы . Аңызда баянадалатын кезге қарағанда , Асан қайғы Әз-Жәнібек ханмен бір уақытта өмір сүрген. Ол- қай кезде қазақ үшін Жерұйық іздеген, Сырды, Ертісті Сарыарқаны көрген, әрқайсына баға берген, ел үшін желмаяға мініп дүниені аралаған аяулы, отаншыл қарт. Ал кейде ханға қарсы шыққан, кейде қолдаған, ел басқаруда ақыл берген данышпан. Енді бірде бәрінен безген қайғылы ақсақал. Асан туралы аңыздарда сәуегейлік сарындарда бар. Жиренше мен Қарашаш. Жиренше Әз-Жәнібекпен қатар өмір сұрген делінген мәлімет бар. Ол- сөзге шешен, тапқыр жан. Ұшып бара жатқан қаңбаққа "Қайд а баражатқынын білші " деген соң шауып барып, келіп, "сұратқан хан ақымақпа, сұраған сен ақымақ па?" деп жауап беріп айтуынан оның ұшқыр ой иесі екенін байқауға болады. Алдар Көсе.Бұл-көшпелі халықтың ерекше ұнатқан кейіпкері. Алдар-шешен ғана емес, өте қу, айлакер . Оның халық ұнатпас Шығайбайдың байды әбден алдап асын қулықпен жеп,кетерінде Бізбикеш қызын алып кетуі соны көрсетеді.
Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек.Наурыз мерекесіне тән — көпшілікке наурыз көже даярланады, ол тағам жеті түрлі дәмнен даярлануы шарт. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар.
Message
Объяснение:
Ааа эээ эээ эээ на эээ на сегодня алах