Аудитория - [лат. audio - естимін] - тікелей мағынасында "тыңдаушы топ", яғни, сөзді тындаушы, қабылдаушы топ. Аудитория қазіргі ұғымы бұқаралық ақпарат құралдары мен саяси коммуникация аудиториясы ретінде түсініледі. Мұндай аудиторияның ерекшелігі - оның кеңістігінің шектелмегендігінде. Т.Адорно мен М.Хорнхаймер негізін қалаған зерттеулерден кейін аудитория қоғамды мақсатты түрде жаппай тоталитарлы әлеуметтік-саяси құрылымдарға икемді бұқараландыру тетігі ретінде түсіндіріле бастады. Бұл геббелстік насихатты басынан өткерген Германия мен сталиндік КСРО-ны зертеген еңбектерден айқын көрінеді.
Оксфордтағы екі қабатты автобусАвтобус қалалық, қала маңы, қалааралық, жергілікті, т.б. болып бөлінеді. Автобус сыйымдылығы мен ауқымына (негізінен ұзындығына) қарап: ең кіші (5 м), кіші (7,5 м), орта (8,5 м және 9,5 м), үлкен (11 м), өте үлкен (12 м) және жалғастырылмалы (16,5 м) автобус болып ажыратылады. Ұзындығы 7,5 м қалалық автобусқа 35 – 40, ал ұзындығы 12 м автобусқа 110 – 120 адам, сондай-ақ жалғастырылмалы автобусқа 160 адам сияды. Ең жоғары жылдамдық қалалық автобус үшін сағатына 70 км, қала маңы және жергілікті автобус үшін сағатына 80 км, қалааралық автобус үшін сағатына 100 км болып белгіленген. Кейбір елдерде 1,5 және 2 қабатты автобустар пайдаланылады. Автобус – негізгі қала көлігі. Мысалы, ұзындығы 1500 км-ден асатын Алматы қаласы көшелерінде күн сайын 120 маршрут бойынша 800-ден аса автобус қатынайды