ответ:Жиембет Бартоғашұлы ((1570-1575) жылдар шамасында туып, 1643 жылы дүниеден қайтқан). Қазақтың аса талантты жырауы, биі әрі жеңімпаз батыры. Ол Кіші жүздің Байұлы тайпасының Тана руынан шыкқан. Жиембеттің жас шағы қазіргі Батыс Қазақстан аймағының Өзен, Жем, Арал аралығындағы ауылдарда өткен. 16 жасынан хандар, билер, батырлар жанында жүріп, ел билігіне араласады. Өсе келе ол Есім ханның беделді биі әрі батыры дөрежесіне көтеріледі. Талай ұрыс, шайқастарға катысып, ерлік көрсетеді. Ханның жауынгер жасағын баскарып, жеңімпаз қолбасшы болады. Ол сонымен бірге Еңсегей бойлы Ер Есімнің кіші жүз еліндегі ең бір беделді бас биі ретінде танылады. Жиембет әсіресе 1620 жылғы Есім ханның ойрат-қалмақтармен соғысы кезінде ерекше ерлік, тапқырлық көрсетіп, шапқыншы жауды ойсырата жеңіп, бетін кайтарады.[1]. Жиембет жыраудың ересен ерлігі мен әділ де алғыр билік қызметі былай жазылған: "...Ол Есім ханның кіші жүздегі ел басқарушы биі, қолбасшы батыры болған. Қалмақтарға қарсы 1620-27 жылдарғы жорықтарға қатысып ұйымдастырушылық қабілетімен, ерлігімен көзге түскен". Сөйтіп ол үлкен абырой, беделге ие болады.
Объяснение:
Менің сүйікті актерім.
Әр адамның өзі ұнататын, болмысына жақын, талғамына сай актері болады. Біреулері бізге сырт келбетімен ұнаса, екіншілері сомдаған рөлдеріне байланысты ұнауы мүмкін, енді басқалары кәсіби шеберліктерімен ұнауы мүмкін.
Менің сүйікті актерім – Джеки Чан. Ол тек қана танымал қытайлық және американдық актер ғана емес, сонымен қатар каскадёр, кинорежиссёр, продюсер, сценариші, трюктер мен шайқас көріністерін қоюшы, әнші, филантроп, ЮНИСЕФ елшісі.
Джеки Чан 1954 жылы 7 сәуірде Гонконг қаласында кедей отбасында дүниеге келген. Оның шын есімі Конг-Санг Чан, Гонконгтан шыққан деген мағынаны білдіреді. Ата-анасы тақыр кедей болғандықтан, болашақ әртіс бала күнінде аштықты талай бастан кешкен. Кейін ата-анасына жұмыс табылып, Австралияға қоныс аударғанда, 6 жасар Джеки отанында қалып, Қытай жабық драмалық академиясына оқуға қабылданады. Ол кезде академия оқушылардың ата-анасымен шарт жасасып, егер бала әлдеқалай жарақат алып немесе қайтыс болып кеткен жағдайда оқу орны жауап бермейтінін мәлімдейді екен. Сөйтіп, тағдыр тәлкегіне қалған ол академиядағы нағыз қатаң тәртіптің тезіне түсіп, таңғы 5-тен тұрып, 16-17 сағат бойына созылатын тынымсыз жаттығулардың шыңдалуынан өтеді.
1971 жылы академияны бітіріп, кинодағы жолын каскадерліктен бастаған қайтпас қайсар Джеки Чан актерлік өмірде де небір аса қауіпті трюктерді өзі орындап, басын талай қатерге тіккен. Айта кетерлік бір жайт – Джеки Чан барлық қауіпті трюктерді өзі орындайды.
Кішкене кезімнен Джеки Чанның киноларын көріп өстім. Бұл актер маған қарапайымдылығымен, асқан еңбекқорлығымен, жомарттығымен ұнайды.
Объяснение:
Суяб Сығанақ Баласағұн Суяб Тараз Түркістан Сайрам