Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларды орындаңыздар. Домбыра — Қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол — қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, -зіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма — күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра — қазақтың халық аспабы. Домбыра -қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген.Бұл музыкалық аспаптың пайда болу тарихы ғасырлар қойнауына кетеді. Домбыраның екі түрі бар – батыстық және шығыстық. Бұл орындалу дәстүрінің екі түрлілігімен ерекшеленеді. Орындалуы тез, виртуозды төкпе күйлерді орындау үшін сол қол домбыра керек. Сондықтан, батыстық домбыра жалы жіңішке және ұзынша болып келеді. Шығыстық жуан және қысқа домбыраларда мұндай техникалық әдіс қолданылмайды. Аспаптар көлемімен Қалыбының түрі дыбысталу күшіне әсер етеді: көлемі үлкен болса, дыбысталуы да сондай болады.
1.Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. А ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Кез келген қыз-келіншектің зергерлік бұйымдары, асыл тастары, онда бейнеленген ою-өрнек әсем келбетіне әдемі үн қосып, сымбатын одан әрі ажарландырып, тартымдылығын арттыра түседі. Олай болса, сұлулықтың нышаны болған ұлттық әшекейлерімізге қысқаша шолу жасап өтейік. Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен жасалатын көркемдік бұйым. Білезік – күмістен, алтыннан соғылады. Жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т.б. түрлері бар. Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады. Отау жүзік, құдағи жүзік, қарала жүзік, ақық жүзік деген атауы бар. Қапсырма – әйел камзолына, шапан сияқты киімдеріне тағылатын түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым. Кейде әдемілік үшін бірінің астына бірі, бірнешеуі қатар тігілетін болған. Кейбір жерлерде қаптырманы ілгек деп те атайды. Сырға – құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрі болады: ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға т.б. Тұмар – сәндік үшін немесе Құран сүрелері жазылған қағаз салынатын омырауға тағатын жұмыр түтікше тәрізді жасалған салпыншақты бұйым. Тұмарша, бойтұмар деген түрлері бар. Зергерлік бұйымдарының тағу ерекшеліктері
Мәлімет көзі: https://jasqazaq.kz/2016/12/26/ltty-zergerlik-b-jymdar/
Менің сүйікті спортым ол баскетбол және волейбол, Мен волейболды кішкентай кезімнен бастап үйреніп жүрмін. Волейболдан көптеген жарыстарға қатысып бірінші және екінші орындарын алып жүрміз. Біздің жаттықтырушымыз әрқашан да өздеріңе сенімді ойнаңдар дейді. мінекей сол сенімнің арқасында бірінші және екінші орындар алып жатырмыз. Ал баскетбол ойынына келсек. Біздің командамыз бес адамнан тұрады. Бәріміз де тырысып ойнаймыз, әрине сеніммен. Сондықтан да біз жеңеміз. Бірақ мен қазір баскетболды көп ойнамайтын болғанмын. Себебі, біздің командамыздан екі қыз кетіп қалды. Оларды басқа мектепке ауыстырып жіберді. Міне баскетбол ойынын осылай тоқтатқандаймын. Бірақ волейбол және баскетбол менің сүйікті спортым болып қалады.