Ол 1929 жылы тапсырма беруші сияқты негізделді. Ал 1939 жылға 10 желтоқсан күні мемлекеттік қорықтың мәртебесін алды. Теңіздің құрғауына байланысты судың тұздылығы нормасынан шектен шықты. Тұщы судың жоқтығы малдың өмір сүруін қиындатады. 1982 – 1991 жылдар аралығында 260 астам құландар республиканың басқа қорықтарына ауыстырылған. 137 бастардағы жемісі қалған 50 ерекшерек қиырлар. Қазіргі таңда жылдық қорытынды бойынша құлан саны 20-25 басқа көбейді. Барсакелмес қорығында флора және фаунаның сирек кездесетін түрі бар. Балықтар саны жылдан жылға өсуде. Жуырда Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің ғалымдары студенттермен бірлесіп экономика,экология және ботаниканы жаңартуда. Қорық бай кітапхананы арқасында өз оқырмандары және оны табады жануартану және өсімдіктануды табиғи лабораторияға айналып кетеді. Бүгінгі күннің басты мәселесі: 100-150 000 га және 400 000 га жерді сақтап, өсімдіктерді көбейту. Барсакелмес – республикадағы 9 қорықтың ішіндегі ең ерекшесі және оның өркендеуіне барлық қазақстандықтар қызығуы керек.
– Бақыт қайда барасың?
– Көршімен болған бірлігі,
Тағат, ғибадат тірлігі
Ұйымшыл елге барамын,– деп жырлапты. Бүгінгі қазақ мемлекетінен тағат, ғибадатты табамыз, тәубе. Көршілерін былай қойғанда, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басын бір үстелдің басына жинайтын да біздің мемлекет. Жаһандық маңызы бар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі жақында өткелі тұр. Бұл Қазақ елінің мәртебесі десек, екінші жағынан, қазаққа берілген бақыт деуге болады. Себебі, өзіміздің бақытты, ынтымағы жарасқан, бейбіт ел екендігімізді екінші тараптан осылай көрсете аламыз.
Мақсаты кең, нәтижесі биік бұл съездің алдыңғы кездесулердегі ауқымды талқыланған мәселелері өз жемісін беріп жатыр деп білеміз. Бірақ, биылғы IV Съезге қойылған тақырыптың маңыздылығы да ерекше. «Бейбітшілік және келісім – адамзат таңдауы» тақырыбының қарастырар талқысы мол. «Тұрақты дамуға қол жеткізудегі дін лидерлерінің рөлі», «Дін және мультикультурализм», «Дін және әйел: рухани құндылықтар мен қазіргі заманғы сын-тегеуріндер», «Дін және жастар» атты төрт секциялық отырыс жоспарланған.
Біздерді қызықтырып, тапқырлықпен таңдалған бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі – жастар мәселесі. Қай елде болса да діннің алар орны ерекше. Әрі халық өзі ұстанған дініне мейлінше берік болуға тырысып, дін басшыларына ерекше орын берері хақ. Олай болса, жастарды тәрбиелеу мәселесінде діндер көшбасшыларының алар орны өзгеше. Астана төріне дін басшылары жәйдан-жай жиналмақ емес. Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайының көк шаңырағының астында ұйымшылдықпен талқыланатын өзекті мәселелер әр елдің игілігі үшін болмақ. Міне, осыны татулық пен бейбітшіліктің нышаны деуге әбден негіз бар. Бұл съездің Қазақстанда өтуінің өзі тек беделімізді ғана емес, ата-тарихымызға сай қонақжайлылығымызды да айғақтайды.
Ауқымы кең, айтары мол, талқыланатын тақырыбы терең құрылтайдың алдында «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде (№169-171, 20 сәуір 2012 ж.) басылым басшысы Сауытбек Абдрахмановтың Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы хазрет Әбсаттар қажы Дербісәлімен «Ислам – адамзаттың асыл тәжі» атты сұхбаты жарияланған-тын. Оқып, ой түйіп, алған ерекше әсерімізбен бөлісу мақсатында қолға қалам алған едік.
Ғұламалардың «Тақырыпты дұрыс түсіну, оқығалы жатқан дүниенің жартысын түсінгенмен тең» дегеніндей, дінбасының сөзінен алынып, «Ислам – адамзаттың асыл тәжі» деп аталған бұл мағынасы терең сұхбаттың тақырыбының өзі маңыздылығы мен терең ой қалдыратынын айқындап тұрғандай.