Тақырып: Жай сөйлем және оның түрлері. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелері. (Простое предложение. Члены простого предложения. Второстепенные члены предложения)
Тапсырма №1.
-Сызба бойынша жай сөйлем құрап жаз.
1. —–––– – – – – – ══════
2. – – – – – – ══════
3. – – – ══════
4. —–––– ══════
5. —–––– – – – – – – – –
Тест сұрақтары:
1. Жай сөйлемнің ішіндегі жайылма сөйлемді табыңыз.
А)Қоңырау соғылды.
Ә)Қар еріді.
Б)Жаңбыр көп жауды.
В)Сағат жүріп тұр.
2. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А) Оның жақсы оқығысы келеді.
Ә) Не ексең, соны орасың.
Б) Өнер алды – қызыл тіл.
В) Қызарып атқан таң.
3. Атаулы сөйлемді табыңыз.
А)Ағасы бардың – жағасы бар.
Ә) Күз.Таң мезгілі.
Б) Ел іші - өнер кеніші.
В)Киімін жинастырды.
4. Жалаң сөйлемді табыңыз.
А)Күн шықты.
Ә)Сендер де оқуды бітірдіңдер
Б)Талдықорған.
В)Сары жапырақ.
5.Толымсыз сөйлемнің жазылмай қалған сөйлем мүшесі не, белгілеңіз. келіп кетті ме?
А)Анықтауыш.
Ә)Толықтауыш.
Б)Бастауыш.
В)Баяндауыш.
- Үйге тапсырма: Үш жай сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
Сүт тағамдары
Айран. Қатық. Қойыртпақ. Шалап. Шұбат. Қымыз. Қорықтық (тасқорықтық). Балқаймақ. Кілегей. Қаймақ. Құрт. Сары май. Сүзбе. Уыз. Іркіт. Ақ ірімшік. Қызыл ірімшік.
Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. Ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып, қанжылым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1–2 сағат аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды. Айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады.