Біз бейбіт өмірді дәріптейміз.Жер шарындағы әрбір адам бейбіт өмірді қалайды. Менің ойымша, дүниедегі ең үлкен бақыт – соғыстың болмауы. Қарулы қақтығыстар жиі болатын мемлекеттерде, адамдар үнемі қорқыныш пен үрейде өмір сүреді. Тіпті, қарсыласын жеңіп, аумағын ұлғайтқанның өзінде, ешқандай халық өзін қуанышты сезінбейді. Өйткені, соғыс бар жерде, өлім де бар. Ұлдарынан, күйеулерінен және әкелерінен айырылған отбасылар, олардың батыр екенін білгенімен, қаза болған жақындарын қайтара алмайды. Соғыс адамзаттың дамуына кедергі келтіреді. Ол көптеген табиғи ресурстарды, ақшаны, уақытты және адам өмірін қажет етеді. Әскери жанжалдардың кесірінен, біз маңызды технологиялық жетістіктерге кеш жеттік. Әрине, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерімізге үлкен алғысымды айтамын және жеңіске жету қаншалықты қиын болғанын түсінемін. Бірақ, мұндай соғыстың болашақта қайталанбауын қалаймын. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы, басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынаста. Біз ертең не жейтіңіміз, қайда ұйықтайтыңымыз туралы ойланбай, толыққанды өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан, осы бейбіт өмірді сақтап қалуға тырысыумыз керек.
Бұл сұраққа жауап табу маған қиынға соғып тұр, сонда да мен өзімнің ойымды жазайын!Мен бай болсам біріншіден мен экологиялық мәселелерді шешер едім,Мысалы мұнайсыз өмір жоқ деп халық шулап жатыр,Мұнайдың бізге сөссіз пайдасы көп,Мұнайдан бензин,жағар жанар май,пластиктің түрін бәрін атасам оның есебі жоқ,Бірақ ол мұнайды табу да а экологияға ,табиғатқа көп зиян келтіреді,Қарандаршы Арал теңізі жер бетінен жоғалып барады,ал Каспий теңізінің флорасымен фаунасын жоққа келтірді,Қанша шағалалар ,балықтар ,тюленьдер өліп жатыр,Осының бәрі мұнай бұрғылау себебінен,Адамға ақша да,байлықта ешқашан жетпейді,Сондықтан бай болу маған арман емес" Қазіргі уақытта сабағымды оқып бітіріп,мамандық алу,ата-анама көмектесу,азаматтар қатарына қосылу осы байлық деп ойлаймын!