М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Leonidch
Leonidch
02.10.2020 23:23 •  Қазақ тiлi

Мамандықтар мен олардың қызметіне қатысты сөйлемді дұрыс табыңыздар.​


Мамандықтар мен олардың қызметіне қатысты сөйлемді дұрыс табыңыздар.​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
bhncgfhkjghuiou
bhncgfhkjghuiou
02.10.2020
Менің Отаным - Қазақстан. Қазақстан Республикасы - егеменді, тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Еуразия орналасқан. Бас қала - Астана қаласы. Қазақстан Республиқасы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге. Қазақстан президенті Н. Ә. Назарбаев. Қазақстанда көп әр түрлі ұлттарды сүреді. Қазақстанда 14 (он төрт) облысы бар.  Мен (область) облысы (город) қаласы тұрамын. Қазақстан - менің мақтанышым. Мен Отанымды өте сүйемін. Моя Родина - Казахстан. Республика Казахстан - суверенное, независимое государство.  Казахстан расположен в Евразии. Главный город - город Астана. Государственный язык Республики Казахстан - казахский язык. Национальная валюта Казахстана - тенге. Президент Казахстана Нурсултан Абишевич Назарбаев. В Казахстане проживают много народов. В Казахстане 14 областей. Я живу в () области в городе () . Казахстан - моя гордость. Я очень люблю Родину.
4,6(47 оценок)
Ответ:
Даниил5356
Даниил5356
02.10.2020

Қазақстандағы ең таңғажайып жердің бірі әрі бірегейі – “Әнші құм” төбесі. Ел арасында “Айғай құм” деп те аталып кеткен жер Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан. Кейбір жерлерінің биіктігі 150 метрге дейін жететін құм шынымен де әуезді ән сала ма?Жел тұрса, сырнай үні шығады, ал тіпті қатты жел тұрса, одан да зор дыбыстар естіледі деседі. Кейде “әнші”, ал кейде “айғай” деп аталып кетуі де осыдан болуы керек. Бір жолаушыны құшақ жая әсем әнмен қарсы алса, біреуіне ызғарланып, сес көрсеткендей күйде болады. Бізге жеткен аңыздарға сәйкес, бұл құмды Жібек жолы бойымен өтіп бара жатқан жолаушылар есту үшін, құдіретін сезіну үшін арнайы ат басын бұрып отырған.

Сәйкесінше мұндай табиғаттың тылсым күшімен жасалған дүние табиғат ескерткіші ретінде сақталып, “Алтынемел мемлекеттік ұлттық саябақтың” құрамына енген.

Осы жер туралы аңыздар ел арасында көптеп таралған. Тіпті әр ауылдың өз аңызы бар. Солардың ішіндегі ең танымал дегендерін қарастырып көрейік. Бір аңызға сәйкес бұл жерде сүйіктісіне жете алмай қалған, дуаланған сұлудың дауысы естіледі екен. Сол сүйіктісіне жетуге деген ынтызарлығын осылай әлі күнге дейін жеткізеді. Өзге аңыз бойынша бұл жерде атақты Шыңғыс хан және оның сарбаздары жерленген. Хан өзінің ерліктері туралы ұрпақтарына жеткізу үшін осы дыбысты шығарады деседі.

Аңыздар көп деп атап өткенімдей, қорқынышқа толы аңыздар қатары да жетерлік. Біреуіне сәйкес бұл жерде қара ниетті адам дүние соңынан қуып, ақыры құм астында қалған. Оның әрбір өкіне отырып күрсінген демі осындай дыбыс болып шығады екен. Діни аңыздар бойынша бұрыңғы заманда ел арасында “шайтан” жүріп, адамдарды азғырған. Содан ол ісіне ашуы келген Құдай оны бір жерден екінші жерге тез бару қабілетінен айырыпты. Құм төбесінде орналасқан үйіне жету үшін оған жазық дала бойы жаяу жүруге тура келді. Жолының ауыр  боғланы соншалық – шаршап-шалдыққан ол құмға бір бүйірінен жатып, ұйықтап қалыпты. Ешнәрсе де оны оята алмайды. Мейлі жаңбыр, мейлі найзағай болсын. Тек адамдардың шығарған шулары маза бермей, ұйқысырап осындай дыбыс шығарады.

Не де болса, бұл жер – феномен. Қазақстанның ең ерекше жері, ел арасында танымалдыққа әлі ие болмаса да, әлемдік танымал құндылыққа айналатындай қауқары бар. Әуезді ән шығаратын осы сияқты құмдар саны әлем бойынша алтау екен. Олардың бірі біздің Қазақстанның кең байтақ жерінде. Одан бөлек АҚШ-тың Калифорния, Мичиган құмдары, Намиб шөлі, Қытайдың құмы және Ұлыбританияның Уэльсиінде бар екен.

4,5(65 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ