М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Ilusich
Ilusich
12.05.2023 16:15 •  Қазақ тiлi

 переведите 2 текста с казахского языка (не через переводчик, за спам жалоба)

А мәтіні

Қазақта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген мақал бар. Яғни бала жақсы - жаман әдеттерді отбасында үйренеді. Осыны жақсы түсінген қазақ халқы жастарды отбасында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған. Ер балаларға ауылдың үлкендеріне қос қолдап сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап, үлкендерге жол беруді, олардың алдынан кесіп өтпеуді уағыздаған. Баланың тәрбиелі болып өсуіне құрбы- құрдасының өнегелі адаммен жолдас болуының да әсері күшті. Жастарға «адамдықтың белгісі - иіліп сәлем бергені», «кішіпейілділіктің кішіреймейсің» деген қағидаларды үнемі айтып отырған. Үлкенді сыйлауды, кішіге ізет көрсетуге уағыздай отырып,адамдарды аздыратын өтірік, өсек, мақтаншақ сияқты жат мінездерден сақтандырады.

  Ә мәтіні

Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруынан басталады. Сол кезде аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай баласын көре алмай қаза табады. Атастырылып қойған Қозы мен Баян жүздерін көрмегенімен, бір- біріне ғашық болады. Уақыт өте келе, сараң Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергідікті палуан Қодарға ұзатпақшы болды. Қос ғашықтың арасына тосқауыл болған Қодар айласын асырып, зұлымдықпен Қозыны өлтірді. Қайғыдан қайысқан Баян өш алу үшін қулыққа көшеді. Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. Алданған Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды. Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап қаза табады. Сөйтіп, Қозының кегі қайтарылды.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
rororo5209
rororo5209
12.05.2023
Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. А көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды.
4,4(20 оценок)
Ответ:
woonov1488
woonov1488
12.05.2023

«Ана» деген сөзді есту, оны іштей қайталау, сыртқа шығарып айту керемет сезім. Өйткені сол тіршілік иесінің арқасында сіз қазір осы шығарманы оқып отырсыз. Сіз барсыз. Сіз тірісіз. Сіз дүниеге келдіңіз. 

Әлемдегі ең сұлу және ең керемет атау – «Ана». Оның қадірі мен қасиетін түсініп біту мүмкін емес. Өйткені түн ұйқысын төрт бөліп, сіз үшін өл-өлгенше жанын беретін ананың балаға деген махаббаты мәңгілік, шексіз. Алғаш көзіңді ашқан кезде бауырына басып, «балам» деген анаңның әлдиі, бүтінін беріп жартысын алған, барын беріп жоғына қанағат танытқан – анаң. 

«Жұмақтың кілті анаңның табанының астында» деген сөздің мәнін ашу үшін анаңызды меккеге үш рет апару аздық етеді. Бір тағдырдың дүниеге әкеліп, бағып-қағып өсіру жауапкершіліктің үлкені. Өзінің ғана емес сіздің де алдыңыздағы борышын атқарған анаға құрметсіздік жасау келсе тек хайуанның қолынан келер. Оның өзінде төлін сүймейтін хайуан да жоқ. 

Әкеңіздің қабағын бағып, үйдің берекесі болып отырған ананың адамзат үшін алаңдап отыратыны тағы бар. Олар үйдің ғана емес, түздің де адамы. Қандай жұмыс болса да, қандай қиынық болса да көтеруге дайын. Өйткені олардың жанын нәзік жүрегін беріп етіп жаратқан. Ана екеу емес біреу ғана. Ал жалғыз дүниенің екінші рет қайтып келмейтінін, біреудің бірнешеу болмайтынын түсінсеңіз жақсылық жасаңыз. Көз жасын күлкіге, мұңын қуанышқа, жабырқаса жұбатып, сағынса қасынан табылыңыз. Ол міндетіңіз. 

Ана бір қолымен әлемді бір қолымен бесікті тербетуші жер бетіндегі ең қасиетті адам. Оның алақаны тікеннің өзін жұмсартып, асаудың өзін жуасытар құдіретке ие. Жүрегінің кеңдігі сондай өз баласына ғана емес әлемнің баласына орын бар. Өйткені ана мен бала бір-бірі үшін жаралған қос сөздегі бір ұғым. 

Барында анаңызды қуантыңыз! Күлдіртіңіз! Оларға бәріне лайық! 

Объяснение:

4,8(38 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ