М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kolyuchka
kolyuchka
24.03.2023 22:04 •  Қазақ тiлi

1. Мәтіннен тірек болатын сөздерді табыңыз. Мамандық таңдау – маңызды іс. Уақыт өте дәстүрлі мамандықтар сұраныстан айырылып, жаңа маман иелері пайда болады. Заманның ағынынан қалмай, жаңадан пайда болатын болашақ мамандықтарға дағдыланайық.

Fast Future британдық агенттіктің футурологтары 2030 жылы сұранысқа ие болып, кең жайылатын мамандықтардың тізімін болжады. Дәстүрлі кеңселік жұмыстан шаршаған жандардың құлағына алтын сырға, қазірден бастап дайындалсаңыз, жаңа жұмысқа қажет машықтарды жақсарта аласыз.

Сонымен, айналдырған 17 жылдан кейін заманауи инженерлер мен сату бойынша менеджерлердің орнына мынандай маман иелері қажет болады:

Наномедицина қызметкері – адам денесінің мүшелерін қайта жасайтын маман.

Ғылым жетістіктері этикасының маманы. Бұл кісі адамдарды клондау, өлілерді тірілту сынды адам өмірі мен өлімінің этикасына қатысты мәселелерді шешу керек. Ғалымдардың ойлауынша, ол уақытқа дейін өмір мен өлім адам қолында болады екен.

Ғарыш туризм мамандары: ұшқыштар, бортинженерлер мен гидтар. Дамыған технология ғарышқа саяхаттауға мүмкіндік беріп, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

Жер болашақта үлкен құндылыққа айналып, жерді үнемдеу өмірдің кез келген саласында байқалады. Өндіріс пен шаруашылық көп жерді алмас үшін, «тігінен тұратын фермалар мен өндіріс орындары» көбейеді. Осы салада жұмыс істей алатын мамандардың қажеттілігі де артады.

Климат өзгерісі бойынша маман болашақта ең жиі кездесетін мамандықтардың қатарында болады.

Қарт кісілердің денсаулығын күтуші маман тек үлкен кісілерге медициналық көмек көрсететін болады.

Адамның табиғи есін жақсартып, «жадысын» көбейтетін арнайы хирург пайда болады.

Ауа райы полициясы бұзылып кеткен ауа-райын қалпына келтіреді-мыс.

Виртуалды құқықтың заңгері қарапайым заңгерлерден де үлкен сұранысқа ие болады.

Қозғалыс көліктеріне балама ойлап табатын кісілер де қоғамға өте қажет болады.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
theknow14
theknow14
24.03.2023

-Саламатсызба апай,біздің мектеп кітапханасында қанша кітап бар?

-Саламатсыз,біздің кітапханада 1000-ға жуық кітаптар бар.

-Ол қандай кітаптар?

-200-ге жуығы әдеби кітаптар,200-ге жуығы әлем жазушыларының кітаптары.600-ге жуығы оқулық кітаптары.

-Маған оқырман ретінде қандай кітапты оқуға кеңес берер едеңіз?

-Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым-Қожа" әңгімелер жинағы бар,оқысаң болады.

-Мен ол әңгімені оқығанмын.Мұхтар Мағауинн

ің "Аласапыран" романы барма?

-Әрине бар.

-Онда сол романды беріңіз.Ертең демалыс,үйде оқимын.

-Ата-жөніңді,сыныбыңды айта ғой.

-Болат Бекмырзаев,6 "А"сынып.

-Болат оқып болған соң,әкеп тапсыр.Кітап жыртылмасын.

-Иа апай,рахмет.Сау болыңыз.

-Сау бол.

4,4(75 оценок)
Ответ:
avorob
avorob
24.03.2023

Меніңше,жеңіс-адамзат бойында қуанышты оятатын,шаттандыратын,мақтандыратын қуанышты сөз.Ұлы Отан соғысы кезінде-жеңіс сөзін есіту,әр халықтың арманы болатын.4-жылдық соғыстан кейінгі жеңіс-ең қуанышты хабар болды.Нацистік неміс басқыншыларын жеңген Совет армиясының жеңісіне қуанбаған адам қалмаған шығар.Қуаныштары көз жасымен жуылған қаншама аналар,жеңіп,жеңімпаз атанған,әскерден қайтқан солдаттарды гүлмен қарсы алды.Қазіргі заманымызда жеңіс тұғырынан спорт майталмандары көрініп жүр.Қазақстанның спорт жеңімпаздары әлем чемпиондары,олимпиада чемпиондары болып жеңісті қолдан бермей жүр.Былғары қолғап шеберлері,ауыр атлетика шеберлері жеңіспен оралуда.Әрбір жеңіске жеткен сайын Қазақстанның ән ұраны орындалып,бүкіл ел қол шапалақтауда.Бұл біздің Қазақстандықтардың жеткен абыройы,жетістіктері.Қай салада болмасын еліміздің майталмандары жеңіс тұғырынан көріне берсін.Елімнің туы әр жеңістерде желбірей берсін.

4,8(9 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ