М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
асиям1239
асиям1239
17.06.2020 04:56 •  Қазақ тiлi

Серік Қонақбаевтың спорттағы жолы қалай басталды

👇
Ответ:
артур614
артур614
17.06.2020
Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналысып, небәрі 24 жасында бокс қолғабын шегеге ілді. Осы он жыл уақыт ішінде қазақ боксының аңызына айналды. Сексенінші жылдардағы Серік Қонақбаевтың дүбірі талай қазақтың баласын бокс үйірмесіне жақындатты. 1979-1984 жылдардағы КСРО чемпионаты, Әлем кубогі, Еуропа чемпионаты, Олимпиада ойындарындағы жарқын жеңістері қазақ боксшыларына сәтті қадам бастады. Бір ғана айтар болсақ: КСРО чемпионатында 1979-1991 жылдарға дейін қатарынан қазақ боксшылары КСРО біріншілігінің жеңіс тұғырынан көтерілді. Олардың қатарында Серік Нұрғазов, Асылбек Қилымов, Кәрімжан Әбдрахманов, Рашид Кәбіров, Ерік Кәкімов, Бейбіт Есжанов, Болат Теміровтер чемпион атанса, Есболат Нұрымов, Талғат Бердібеков, Қайрат Ғалымтаев, Жұматай Түсіповтер жүлдегер атанды.

Объяснение:

4,8(87 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Мунира1306
Мунира1306
17.06.2020

Қысқы және жазғы олимпиада ойындарын салыстыру.

Олимпиада ойындары немесе Олимпиада төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.

Олимпиада ойындарының ұраны - «тезірек, жоғарырақ, күштірек». Олимпиада ойындары әрбір төрт жыл сайын өткізіліп тұрады, қысқы және жаздық болып екі түрге бөлінеді.

Әрине, ең басты айырмашылықтары өткізілу маусымында: бірі қысты өтсе, екіншісі жазда өткізіледі. Қысқы спорт түрлеріне: биатлон,трамплиннен секіру, бобслей, скелетон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, допты хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, тау шаңғысы, фристайл, шорт – трек, биатлон т.б. жатады. Қыстан басқа мезгілде спортшылар спорт залда жаттығып, ал үлкен жарыстарға дайындық үшін арнайы салқын жаққа жол жүреді.

Ал жазғы спорт түрлері қысқы спорт түрлерімен салыстырғанда едәуір көп: жүзу (түр - түрімен), футбол, баскетбол, воллейбол, бокс, карате, таеквондо, жеңіл атлетика, қол добы, академиялық есу, бадминтон, күрес, велоспорт, су добы, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, дзюдо, ат спорты, үстел теннисі, желкенді спорт,суға секіру, қазіргі бессайыс, нысана көздеу, садақтан ату, теннис, триатлон, ауыр атлетика, семсерлесу, көгалдағы хоккей т.б.

Екі ойын түрі де төрт жылда бір рет алдын – ала арнайы Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясында анықталған қалада өткізіледі.

4,5(96 оценок)
Ответ:
kapysta123
kapysta123
17.06.2020

Биылғы жылда жазғы демалыс уақытында мен ата – анаммен Түркияның ежелгі қалаларының бірі Аланияға бардым. Ол жақта маған беймәлім тілдерде сөйлейтін өте көп шетелдіктерді көрдім.

Біз отбасымызбен қонақүйде тұрдық. Ол жерде жылы сулы және бұралаң су төбешігі бар бассейн болды. Ал оның жанында сәбилерге арналған таяз бассейн болды. Қайда қарасам да, жан – жағымда пальмалар, кактустар, банан, қарбыз, қауын плантациялары және маған беймәлім тікенектер өсіп тұрды.

Қаланың өзі ежелгі қамалдарымен, тар бұралаң көшелерімен есімде қалса, жабыңқышпен жабылған шатырлы үйлері қаланың көркіне көрік қосып тұрды. Бұл қаланың көшелері мен теңіз жағасында серуендеп жүріп, тонап алған қазыналарын осында тықпақшы болған  нағыз теңіз қарақшылары мінген кеме пайда болатынын елестеттім.

Түркияның күні әрі ыстық, әрі жайлы, ал Жерорта теңізі - ащы, көгілдір, ұшы – қиыры жоқ, әдемі әрі биык толқынды. Күнның ыстығы басылған кезде теңізде көп шомылып, ойнадым. Осындай жылы, романтикалық кештерде мен ата – анаммен теңіз жағасында серуендеп, теңіз шуын тыңдап, күннің батуын тамашалайтынмын.

Кешке жақын Түркия түрлі түсті от шашулы алмаспаға айналатын. Әрбір қонақүйде түрлі түрік әуендері қосылып, балалар мен ересектерге арналған түрлі қойылымдар ұйымдастырылатын.

Түркиядағы көңілді жазғы демалысым маған қатты ұнады.

4,6(34 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ