4-класс «Қоршаған ортаны қорғау ортақ тақырыбы бойынша ББ ору мақсаты
4.3.4.1 Мәтін мазмұны мен кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған
сұрақтарға жауап беру
4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
4.4.1.1 Шағын сюжетті презентацияны сейлемдермен толықтыру
Бағалау критерийі
• Мәтіннің мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап береді:
• Мәтіннің негізгі ойын анықтайды;
• Сюжетті суреттер бойынша сөйлемдер құрастырады, сөйлем құрастыруда
сөздердің орын тәртібін сақтайды.
Оқылым
1-тапсырма Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Біз табиғаттың байлығын көп пайдаланамыз, бізге табиғатты қорғау
да қажет. Біздің елімізде «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» бар.
Оның басты мақсаты – саны азайып, жойылып бара жатқан аң-құстарды
есімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа жазу. Бұл кітапты «Қызыл
кітап» деп атайды. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл
парағына жойылып бара жатқан жануарлар, ал сары парағына саны аз
аң-құстар, өсімдіктер жазылады.
Қазақстанның Қызыл кітабына қызыл қасқыр, Тянь-Шань қоңыр аюы,
барыс, қарақұйрық, Алтай арқары сияқты сирек кездесетін жануарлар
енгізілген. Бұл жануарлардың саны қорегінің азаюынан, бағалы терісі мен
мүйізі үшін аулаудың салдарынан сиреп кеткен.
Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Адамдар табиғатсыз өмір сүре
алмайды. Табиғатты аялай білуіміз керек.
1) «Халықаралық табиғатты қорғау қоғамын» құрудың мақсаты не?
А) саны аз аң-құстарды, өсімдіктерді зерттеу
В) саны көп аң-құстарды арнайы кітапқа жазу
C) саны көп аңдар мен құстар туралы хабарлап отыру
D) саны аз аң-құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алу
2) Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтыр.
С Қызыл кітаптың қызыл түсті парағына
жазылады.
с қызыл кітаптың сары түсті парағына
жазылады.
3) мәтіннен қандай ой түйд
Абай Құнанбайұлы туралы диалог құрастыру.
Мұғалім: Балалар, бүгін Абай Құнанбайұлының шығармашылығымен танысуды одан әрі жалғастыратын боламыз. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын ұлы ақын жайлы бірнеше сұрақтарға жауап беріп көрейік? Абай Құнанбайұлы кім болған?
Оқушылар: Абай - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.
Мұғалім: Абай Құнанбайұлы қашан, қай жерде дүниеге келген?
Оқушылар: Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында дүниеге келген.
Мұғалім: Жарайсыңдар! Келесі сұрақ - Абай қайда, қандай білім алған? Оқушылар: Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.
Мұғалім: Неше жасында ел басқару ісіне араласады?
Оқушылар: Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар! Абайдың әкесі Құнанбай қандай қызмет атқарған?
Оқушылар: Абайдың әкесі Қарқаралының аға сұлтаны болған.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Ендеше сабағымызды одан әрі жалғастырайық.