Әже туралы диалог
- Еркебұлан, қайда асығып барасың? Бірдеңе болып қалды ма?
- Әжеме көмектесуім керек еді, дүкенге бармақшы едік, соған асығып барамын.
- Мені сыртта ағам көлікпен тосып тұр, асығыс болсаң, сені жолай жеткізіп салайық?
- Тамаша болушы еді, көп рахмет, Марғұлан!
- Оқасы жоқ. Бізде үнемі атамыз бен әжемізге көмектесіп тұрамыз. Ал әжем болса әрдайым «Қолыңнан келген көмегіңді аяма» деп үйретіп отырады. Жүр, онда тезірек есік алдына шығайық.
- Ия, дұрыс айтасың. Әжелеріміз – тәлім – тәрбиенің бастауы, бізге үлгі – өнеге көрсетер асыл жандар ғой.
- Мен өзім бірінші сыныпқа дейін әжемнің тәрбиесінде болғанмын. Тұңғыш немере атасы мен әжесіне бауырына салынатын салт – дәстүр бар ғой, міне, сол дәстүр бойынша ата – анам мені атам мен әжемнің тәрбиесіне беріпті.
- Ия, менің де бұл жайлы естуім бар. Жақсы дәстүр деп есептеймін. Себебі, үлкен кісілер айтып жатады ғой, әжесінің тәрбиесін көрген бала жаман болмайды деп.
- Ия, толықтай келісемін. Қарт кісілер таусылмас қазына ғой, жас ұрпақтың ол кісілерден үйренері мол. Өз басым ауылға ұзақ уақыт бойы бармай қалсақ, әжемнің ыстық бауырсақтары мен «айналайын» деп маңдайымнан сипағанын сағынып отырамын.
- Әңгімелесіп отырып, қалай келіп қалғанымызды да байқамай қалыппын. Үлкен рахмет!
- Жақсы, оқасы жоқ.
1 Жалпы идеясы жетім баланың ата- анасын сағынуы, оның арманы мен үмітін көрсету арқылы басқа замандастарына ой салу.Үзіндіні оқысақ Аян өз ертегілерінің көмегімен балаларға армандауға көмектеседі, оларға қуаныш пен бақытты сезінуге мүмкіндік береді.Оны біз мнау үзіндіден түсіне аламыз”ат ойнақтатып жауға қарсы арыстанша шабатын нағыз қас батырдай сезінуші едік өзімізді” осыны оқый тұра Аян өзінің ғажап ертегілері арқылы балалырдың жетімдіктен жаралған жүректерін сиқырмен толтыратының байқаймыз.
2 Осы үзіндіні оқысақ балалар Аянды сағынып жүргендерін байқауға болды.Оны біз осыдан түсіне аламыз”Біз,балалар,Аянды кеп уақытқа дейін еске алып ,сөз қылушы едік.”Және балалардың Аянға деген ойлары жақсы қалғанын байқауға болат .Солай оның қайтып келетініне және ол сияқты баланың аман болатынына сенеді.Және Аян хат жазамын деген сөзіне тұратынына үміттенеді. Бұл жерде «өз-өзіме еткем егес»деп поэтикалық қолданысқа еніп,өзіме серт бердім деген мағынаны білдіреді.
Объяснение: