Өз елің – алтын бесігің.
Бірде бізге мұғалім “қандай елдерге барып,саяхат жасағыларың келеді?” деп сұрақ қойған.Сыныптастарым: “Жапония!Ұлыбритания!АҚШ!” - деп шулап қоя берді.Ал мен болсам үнсіз қалдым.Үйге келіп бұл сұраққа шындап ойлағанымда “туған жерімнен басқа жаққа кеткім де келмейді” деп шештім.Әрине, әркімге әрқалай.Алайда менің Қазақстаным өзіме қымбат та қадірлі, сүйікті әрі аяулы.Қазақ жерінің асты да,үсті де қазынаға бай.Ал қазақ халқының жомарттығына,ақкөңілділігіне еш халық тең келмейді.Мен осы жерде қасиетті алтын бесікте ардақты ана сүтімен көзімді аштым,есейдім.Мен осы жерде дара ұстаздарыммен білім алудамын.“Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық" демекші,маған Қазақстанның аптап ыстығы да қатаған сары аязы да өзінше жылы,қымбат.Басқа елде бар нәрсе менің де байтақ туған жерімнен табылады.Сондықтан да мен “өз елің – алтын бесігің” деген қағиданы нық ұстанып,туған елім мен жерімнің өркендеуіне ат салысатын боламын.
(досыныздың аты),сәлем!
Қалың қалай? Сабағын қалай?
Менде барлығы жақсы. Мен сабақта беске шықтым. Бүгін мен өз хатымда саған мектебім жайлы айтқым келеді. Мен мектебім үлкен. Ол үш қабатты. Ауласында футбол ойнауға арналған жер, транажёрлар бар. Мектептін алдында гүлдер, ағаштар өсіп тұр. Олар өте әдемі! Ал мектептін ішінде асхана, спорт залы, хореография залы, акт залы, кітап оқитын жер және көптеген кабинеттер бар. Олар кең, жарық әрі таза. Сыныптардың ішінде парта, орындық, тақта, терезе, компьютер, шкаф, мұғалім үстелі және гүлдер бар. Маған өзімнін мектебім ұнайда.
Ал сенің мектебін қандай?
Сау бол,(досыңыздың аты)
Сәлеммен,(сіздің есімініз)!