М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
sorrypepemain
sorrypepemain
08.05.2021 22:44 •  Қазақ тiлi

Қоршаған орта туралы жануар туралы мәтін жазыңыз. Қызыл кітаптан 4-5 сөйлем. Мысалы: каракал туралы мәтін.

👇
Ответ:
Vadimka221105
Vadimka221105
08.05.2021

Қазақстанның табиғатының көркемдігі, әсемдігі, қараса көз тоймайтын сұлулығы жайлы сипаттап айтса да тіл жетпейді. Осы көркем табиғатқа сұлулық силап тұрған тауы да, тасы да, өзені де, көлі де, құм даласы да, мұнайы мен газы да барлығы дерлік жер қойнауының сарқылмас қазынасы. Тіпті орманда мекен еткен жыртқыш аңдарын, тау аңдарын, суда мекен еткен балықтарын, бір сөзбен айтқанда ит-құсын қорғау біздің парызымыз. Қазіргі уақытта кейбір жануарлар, құстар, балықтар азайып кету қаупінде, сол себепті қызыл кітапқа еніп қорғалу үстінде. Одан басқа да табиғаттың әрбір мүшесін аялау, зиян келтірмеу, күтіп ұстау, қорлық көрсетпеу сынды қасиеттерді танытсақ, қоршаған ортаға құрметіміз деп білемін.

Объяснение:

4,4(64 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
nyamnov
nyamnov
08.05.2021

Тіл – халықтың ең басты қазынасы. «Үштұғырлы тіл» туралы жобаны Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етіп, бұл мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл қазақ, орыс және ағылшын халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту болып табылады. Атап айтатын болсақ, қазақ тілін дамыту керек, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген ұрпақ қалыптастырып, бәсекеге қабілетті болу мақсатында мемлекетіміз аямай қаржы бөліп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді.

8 сәуірде Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» атты қалалық сайыс өткізілді. Сайысқа ШҚМТУ, ШҚМУ, ҚАЕУ, ШҚАУ және Шығыс Қазақстан Гуманитарлық колледж студенттері қатысты. Сайысқа қатысушылар өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды.

Сайыстың мақсаты – қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру, іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді жастардың меңгеру деңгейін анықтау, «тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы мен көптілділікті насихаттау, қазақстандық рухани бірлікті нығайту.

Біздің университет атынан магистрант Злобин Бақыт Николаевич, тау-кен металлургия факультетінің 10-ЦМК-1 тобының 3-курс студенті Нәбиева Әйгерім Әлібекқызы, сәулет-құрылыс факультетінің 11-АРК-1 тобының 2-курс студенті Үркембаева Бақытгүл қатысты.

Сайыс талаптары бойынша қатысушылар төрт тур бойынша бақ сынасты. «Ұлттаным» тапсырмалары бойынша сайыскерлер қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалар жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап берсе, «Мәдениеттаным» тапсырмалары бойынша қазақ халқының салт-дәстүрі, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға орыс тілінде жауап берді. Ал «Елтаным», «Өнертаным» турларында қазақ елі, оның аймақтары жөнінде ағылшын тіліндегі тапсырмаларды орындап, сайыскерлер өздерінің тапқырлықтарын, ой-өрістерінің кеңдігін, өнерлі екендіктерін көрсете білді. Сонымен қатар қойылған сұрақтарға дәл, нақты жауап бере білді.

Бұл сайысқа студенттерді дайындауда қазақ, орыс тілдері және ісқағаздарын жүргізу кафедрасының ұжымы аямай тер төкті. Соның нәтижесінде біздің университет тағы да алға шықты. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша төмендегідей жүлделі орындар анықталды. Бас жүлдені ШҚМТУ магистранты Злобин Бақыт, І орынды ҚАЕУ, ІІ орынды ШҚМУ, ІІІ орынды ШҚАУ иеленді.

Сайыс соңында қатысушыларға үш тілді меңгерудегі жетістіктері үшін бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары, алғыс хаттар таратылды.

4,8(85 оценок)
Ответ:
gwetyalina1345
gwetyalina1345
08.05.2021

Д) Отыз бірінші

Объяснение:

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші - сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

4,4(92 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ