М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
arave1
arave1
13.10.2022 17:24 •  Қазақ тiлi

Қыял әнгімісінің идеясы помагите сор​


Қыял әнгімісінің идеясы помагите сор​

👇
Ответ:
EkaterinaLis13
EkaterinaLis13
13.10.2022

Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:

әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;

қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;

қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».

қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;

адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің қүрылымы, өмір салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің олғандығында.

Айдаһардың бейнесін Италияның атақты

4,5(85 оценок)
Ответ:
77Джи77
77Джи77
13.10.2022

мəтіннің негізгі идеясы:

бұл мəтінде автор оқырманға қиял деген не екенін,жəне бұл тек адамға ғана тəн процесс екенін,қиял адам ойында қалай пайда болатыны жайлы айтқысы келді.

Объяснение:

4,4(80 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Tokalexandra
Tokalexandra
13.10.2022
Қазақтың ұлттық әшекей-бұйымдары сән үшін тағылып қоймай, қорғаныс қызметін де атқарған. Сол себепті қазақ қыздарының әшекейлерін жасау үшін тазарту қасиеті бар күміс пайдаланылған. Ерте заманда әшекейді жаңа туған нәресте шағынан бастап таққан. Бұл тіл-көзден сақтайды деген ырымның бір түрі. Олар қызыл таспен әшекейленген күмістен жасалып, жаңа туған нәрестенің тақиясына немесе аяқ-қолдарына тағылған. Халық қызыл түсті тас бақыт пен шаттық әкеледі деп сенгедіктен, көптеген әшекейлерде осы тастың түрі кездеседі. Көз тиюден сақтану үшін 2-3 жасқа толғанда қыз балалардың құлағына осы меруерт тастардан жасалған сырға салған. Және қолдарына шақшақ құс бейнеленген білезіктер таққан. Кейіннен жасы ұлғая келе қыздар асыл тастармен көмкерілген салбырап тұратын сырғаларға ауысқан.
4,5(99 оценок)
Ответ:
мамадочп4а
мамадочп4а
13.10.2022
Қызыл кітап-бұл Қазақстандағы сирек кездесетін,жоғалып бара жатқан жануарларды,аңдарды,құстарды,өсімдіктерді тізімге алатын кітап.Қызыл кітап-қызыл.Яғни, бұл дегеніміз,табиғатқа қауіп төніп тұр деген.Жануарлардың,өсімдіктердің жер бетінен жоғалуы.Қызыл кітаптың ерекшелігі адамдардың назарын аудару арқылы,табиғат бөлшектеріне көмек беру.Қазақстандағы қызыл кітапқа енген жануарлар:барыс,ақбөкен,арқар,қарақұйрық және т.б.
Мен жойылып бара жатқан,саны аз және сирек кездесетін жануарлардың одан әрі құрып кетпеуіне адамдардың көмектескенін қалаймын
4,5(22 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ