Объяснение:
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы. Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті Қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды. Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.
klondikegj и 15 других пользователей посчитали ответ полезным!
11
2,0
(4 оценки)
Остались вопросы?
НАЙДИ НУЖНЫЙ
ЗАДАЙ ВОПРОС
Новые вопросы в Қазақ тiлi
7 үстеулерге 7 сөйлем жазу керек көмек
антракт сөзін жіктеу
ППМЫС 3 -тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы. Түсінгеніңді баянда. Бір атаның балалары (үзінді) Ал, ағайын, тегіс жиналсаң сөзіме құлақ сал, деді басқарма. -…
Ғарышкер, аспан, зымыран ( ракета ), ғаламшар, Байқоңыр сөздеріне мәтін тез керек алдын ала рахмет.
Сөз өнері қызыл тіл эссе осталось 30 минут
Надо составить несколько вопросов,по тексту
Сделайте на эти предложения синтаксический разбор на казахском языке!! Абай қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалады. Ол қазақтың дәстүрл…
составить синквейн над словом на казахском кілем
4-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша үш сұрақ жазу. Өз қалауың бойынша мәтінді екі кейіпкердің (атасы мен немересінің; екі достың; ғалым мен шәкірттің)…
Составте диаграму на казахском по теме Верный друг
Сұр бұлт Дымқыл тұман Жасыл шөп Жыртық киім (Сын есімдердің астын сызамыз
Газет-журналдар мен энциклопедияларды пайдаланып, майдангер ақын-жазушы лардың бірі туралы ойтолғау жазыңдар. Жауабы
Сұрақтарға жауап береміз. (қысқа жауап) 1. Үзінді қай шығармадан алынған? 2. Үзінді шығарманың қай бөлімі? 3. Зигфридтің өмірі қалай жалғасқан?
Оқылым мәтінінен үстеулерді теріп жазыңыз.
5-тапсырма."Шымбұлақ","Саяхат"сөздеріндегі әріптерді пайдаланып, бірнеше сөздер құрап жазыңдар.Төменде көрсетілген үлгі сияқты.істеңіздерші өтінем
Сурет бойынша мәтін құра
ключевые слова
1. Мәтінде қарамен берілген үстеулерді синоним үстеулермен алмастырып жазыңыз.
2-деңгей. Сөйлемдерді төл сөз бен автор сөзі болатындай етіп курастырыр «Ауыл-үй қонды» Ай мен Үркердің бір-бірімен жақын келген күн. «Тоғандасты» – …
Сурет бойынша мәтін құра
ПОКАЗАТЬ ЕЩЕ
Предыдущий
Следующий
Халық даналығы дегенде ең алдымен біз мақал-мәтелдер мен айшықты сөздерді, бата-тілектерді, сондай-ақ, халықтың бай рухани құндылықтарындағы ұлттың ұлағатты сөздерін – ырым сөздерін, тыйым сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін, афоризмдерді еске аламыз. Мұның бәрін бір сөзбен «аталар сөзі», «халық даналығы» деп жинақтап айтқан жөн секілді. Расында да, егер даналық сөздерді жеке-дара мән бере талдап көрсек, олардың жайдан-жай айтылмағанына куә болып, ондай рухани-мәдени мұралардың әрбірінің тамыры тым тереңде жатқанын көреміз. Олар ел өмірінің әр кезеңдерінде пайда болып, әрқайсысының өзіне тән қалыптасқан тарихы бар екенін де сеземіз. Тіпті, кейбірінің тарихи тамырын болжап айту да қиын. Әйтеуір, атам заманнан бері халықпен бірге жасасып, қатар өмір сүріп келе жатқандай әсер етеді. Қалай дегенде де, қазақ халқы ғасырлар бойы әрбір жаңа буынды осынау байтақ мұра – нақыл сөздермен оқытып, солар арқылы жастарға тәрбие өнегесін беріп келгені даусыз. Бүгінгі күнде де, мақал мен мәтелдерді мектеп қабырғасында үйретудің тәлім-тәрбиелік маңызы орасан зор. Себебі, олар көңілдегі күрделі ойлардың мәнін дәл, қысқа да нұсқа жеткізудің, жинақты ойды көркемдеп танытудың таптырмас құралы.
Объяснение: