. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мамандықтар мен олардың қызметін сәйкестендір. (сопоставь профессии и их действия) «Fast Future» британдық агенттіктің футурологтері 2030 жылы сұранысқа ие болып,
кең жайылатын мамандықтардың тізімін болжады. Сонымен біраз жылдан кейін заманауи
инженерлер мен сату бойынша менеджерлердің орнына мынандай маман иелері қажет
болады.
Наномедицина қызметкері – адам денесінің мүшелерін қайта жасайтын маман. Ғылым
жетістіктері этикасының маманы. Бұл кісі адамдарды клондау, өлілерді тірілту сынды адам
өмірі мен өлімінің этикасына қатысты мәселелерді шешу керек. Ғалымдардың ойлауынша,
ол уақытқа дейін өмір мен өлім адам қолында болады екен.
Ғарыш туризм мамандары: ұшқыштар, бортинженерлер мен гидтер. Дамыған
технология ғарышқа саяхаттауға мүмкіндік беріп, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз
етеді. Жер болашақта үлкен құндылыққа айналып, жерді үнемдеу өмірдің кез келген
саласында байқалады. Өндіріс пен шаруашылық көп жерді алмас үшін, «тігінен тұратын
фермалар мен өндіріс орындары» көбейеді. Осы салада жұмыс істей алатын мамандардың
қажеттілігі де артады.
Климат өзгерісі бойынша маман болашақта ең жиі кездесетін мамандықтардың
қатарында болады.
Қарт кісілердің денсаулығын күтуші маман тек үлкен кісілерге медициналық көмек
көрсететін болады.
Адамның табиғи есін жақсартып, «жадысын» көбейтетін арнайы хирург пайда
болады.
«Сауда жасай білесіз бе?» тақырыбына шағын эссе.
Нарықтық экономика заманына көшкеннен бері сауда – саттық адам өмірінің маңызды бір бөлшегіне айналды. Заман талабына сай «Клиенттің айтқаны әрқашан да дұрыс» деген қағида қалыптасты. Сауда жасау, саудамен айналысу бір көзге оңай көрінгенімен, бұл – қыр – сыры көп, арнайы білім мен біліктілік мен шыдамдылықты талап ететін мамандық түрі.
Сауда - бүкіл адамзат дамуының қозғалту күші. Біз сатумен күн сайын айналысамыз: тауарлар, қызмет көрсетулер, білім, уақыт, тіпті соңғы кездері өзімізді (яғни білімімізді) сатамыз. Маркетинг, PR және жарнама – бұл ғылым ретінде арнайы оқытылса, экономикалық қару да, басқару функциясы да, байланыс үрдістері де тікелей сату өнерімен байланысты.
Қазіргі таңда заманауи сатушыға қойылатын талаптар өте жоғары десек те болады. Оның себебі, сатып алушылардың талапшылдығы мен талғампаздығына, бәсекелестердің белсенділігі мен қайсарлығына біліктілікпен, құзыреттілікпен және асқан еңбекқорлықпен жауап беріп, болашақ клиентке дұрыс қызмет көрсете алсаңыз – 100%-тік табыс әкелетіні сөзсіз. Сондықтан, сауда – әркімнің қолынан келе бермейтін өнер. Өйткені, «клиенттің айтқаны әрқашан да дұрыс» деген қағида қалыптасқан заманда әрбір сатып алушымен жақсы қарым – қатынас орнату, жаңа клиенттер табу, тапсырысты орындай білу секілді мәселелер туындайды. Сонымен, сауда жасай білу нағыз өнер түрі деген қорытындыға келдім. Себебі, бұл сатып алушыны тыңдай біліп, қалаған затын толықтай түсіну, клиентке көңіл бөлу дегенді білдіреді.