1-тапсырма Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Қиял туралы жалпы ұғым
Ертегі десе әдетте әрдайым шындық, әділет жеңетін, ізгілік үстемдік кұратын, бай
мен кедей теңесетін әлем ретінде қабылдаймыз. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан
шыккан қыз ауқатты жігіттің етегінен ұстаса, оны Күлше қызға теңеп жатады. Бірақ Күлше
қыз ауқатты отбасынан болған. Жай ғана кедей шаруаның қызы болса патша сарайында би
кеші өтетінін қайдан білсін?! «Сұлу мен Құбыжық» ертегісінде жазушының айтпағы, сырт
келбеттің маңызды емес екендігі болса, кейіпкер неге соңына дейін құбыжық болып қала
бермейді? Неге кұбыжық та, бақа да қарапайым жігіт емес, ханзадаға айналады? Адамның
сырт келбетті жоғары қоятыны, билікті, байлықты аңсайтыны ертегілерде де көрініс тапқан
сияқты.
Ал сіз ертегілерден қандай шындықты байқай алдыңыз?
Сайып келгенде ертегілер мен шынайы өмір ұқсас па?
Отбасы
Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласындадүниеге келген. Отбасында үш ұл баланың кенжесі. Әкесі - Анасы - Спорт залға алғашқы рет алты жасында үлкен ағасы Андрейге еріп келді. Ағасы Андрей бокстан Қазақстан біріншілігінде бірнеше рет жеңімпаз атанған спортшы болатын.
Балалық қызығушылықпен ауыр темірлерді көтеруді үйренді. Бірақ арнайы секцияда жаттығуды сегіз жасынан бастады. Алғашқы бапкері Вилорий Пак болатын