Ақын өлеңнiң негізгi идеясы ретінде батырлық, iдiлеттiлik, ақындық зор махаббатты ту етiп көтереди. Азаппенен өтсе дағы таңдарым Қайрағам жоқ қығаныштық қан жарық. Ақын метонимияны орынды қолдану арқылы изгибы, алыптықты қызғанышқа жеңдiрмеу керек деген ұғымды басты идея ретинн ұстанған. Шаханов ақындық деңгейi философиялық, толғаныстармен ұштасқан ақын. Оның дүниетанымдық дәрежесiн мына бiр шумақтан-ақ байқауға болады. Жауап беріп жататын сан қылыққа, Бір заңдылық жатыр сол жаңғырықта Иә, оған күмән жоқ, сондықтан да Басымды ием мәңгi сол заңдылыққа. Поэма ханның озбырлығынан бастау алған. Бұл жерде ақынды лирик десек те жарасымды; яғни екеуiне де негизз бар. Эпик деуiмiз өлеңдери сюжетке барлеңдеги барлық оқиғаны көз алдыңа тiрiдей бейнелеп берер шебер суреткер. Ақынның сөзбен сурет санар қасиетiн осы поэмасынан да байқаймыз. Тарихи тақырыптарды, а негыз-әңгимелерди негритянка ала отырып жүретiң нәзiк қыл тамырларын тербеп оқиқаны көз алдыға елестету шеберлiги-Шаханов поэзиясына ғана тән
«Ана» деген сөзді есту, оны іштей қайталау, сыртқа шығарып айту керемет сезім. Өйткені сол тіршілік иесінің арқасында сіз қазір осы шығарманы оқып отырсыз. Сіз барсыз. Сіз тірісіз. Сіз дүниеге келдіңіз.
Әлемдегі ең сұлу және ең керемет атау – «Ана». Оның қадірі мен қасиетін түсініп біту мүмкін емес. Өйткені түн ұйқысын төрт бөліп, сіз үшін өл-өлгенше жанын беретін ананың балаға деген махаббаты мәңгілік, шексіз. Алғаш көзіңді ашқан кезде бауырына басып, «балам» деген анаңның әлдиі, бүтінін беріп жартысын алған, барын беріп жоғына қанағат танытқан – анаң.
«Жұмақтың кілті анаңның табанының астында» деген сөздің мәнін ашу үшін анаңызды меккеге үш рет апару аздық етеді. Бір тағдырдың дүниеге әкеліп, бағып-қағып өсіру жауапкершіліктің үлкені. Өзінің ғана емес сіздің де алдыңыздағы борышын атқарған анаға құрметсіздік жасау келсе тек хайуанның қолынан келер. Оның өзінде төлін сүймейтін хайуан да жоқ.
Әкеңіздің қабағын бағып, үйдің берекесі болып отырған ананың адамзат үшін алаңдап отыратыны тағы бар. Олар үйдің ғана емес, түздің де адамы. Қандай жұмыс болса да, қандай қиынық болса да көтеруге дайын. Өйткені олардың жанын нәзік жүрегін беріп етіп жаратқан. Ана екеу емес біреу ғана. Ал жалғыз дүниенің екінші рет қайтып келмейтінін, біреудің бірнешеу болмайтынын түсінсеңіз жақсылық жасаңыз. Көз жасын күлкіге, мұңын қуанышқа, жабырқаса жұбатып, сағынса қасынан табылыңыз. Ол міндетіңіз.
Ана бір қолымен әлемді бір қолымен бесікті тербетуші жер бетіндегі ең қасиетті адам. Оның алақаны тікеннің өзін жұмсартып, асаудың өзін жуасытар құдіретке ие. Жүрегінің кеңдігі сондай өз баласына ғана емес әлемнің баласына орын бар. Өйткені ана мен бала бір-бірі үшін жаралған қос сөздегі бір ұғым.
Барында анаңызды қуантыңыз! Күлдіртіңіз! Оларға бәріне лайық!
Объяснение: