Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ
1)Қазақтың отбасы дәстүрінде тыйым сөздер тәрбиенің құралы болып саналады.
2)Тыйым сөздер арқылы жамандықтан алыс, жақсылыққа жақын болуға үйреткен.
3)Қазақ халқында табалдырық-қасиетті ұғым болып саналады.
4)Табалдырық- үйдің сырты мен ішінің шегарасы, байлық пен кедергінің де шегарасы.
5)"Табалдырықты баспа, бақыт қашады", "табалдырықта тұрма, үйге келетін жақсылықты қайтарма", "табалдырықта тұрып, кедейлікті шақырма, жаман ырым бастама" деген секілді тыйым сөздер айтылған.
6)Табалдырық - бақыттың белгісі.
7)Жас келін келген кезде шашу шашылып, құт шақырып, оң аяғымен :«Бісмілла» деп кіргізген.