Күз - жылумен қоштасу уақыты және суық ауа райының келуі. Күндер қысқаруда, түндер ұзаруда, және бұл әр жаңа күн сайын айқындала түседі. Күн кейіннен көкжиекте пайда болып, ертерек батып, күннен-күнге әлсірей бастайды. Термометрдің температурасы терезенің сыртында баяу төмендейді, кешке ол айтарлықтай суық болады.Күз - жылумен қоштасу уақыты және суық ауа райының келуі. Күндер қысқаруда, түндер ұзаруда, және бұл әр жаңа күн сайын айқындала түседі. Күн кейіннен көкжиекте пайда болып, ертерек батып, күннен-күнге әлсірей бастайды. Термометрдің температурасы терезенің сыртында баяу төмендейді, кешке ол айтарлықтай суық болады.Ағаштардың жайылуы сары, қызғылт сары, қызыл түстермен боялған. Жұмсақ самал жел бұтақтарын сергіткендей
Менің қысқы демалысым туралы.
Оқу жылының басталғаны енді ғана еді, екінші тоқсан да аяқталып, қысқы демалыс уақыты та келіп жетті. Мен биылғы қысқы демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.
Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.
Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Ауа райының салқындығына байланысты жаздағыдай көлге шомыла алмасақ та, түрлі экскурсиялар мен мұражайларға бардық, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Күндіз шана теуіп, қар лақтырысып та ойнадық. Қысқы демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен көктем мезгілінде де келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық. Себебі, жылдың қай мезгілі болмасын, Бурабайдың табиғаты ерекше!
Саулық- байлық негізі.
денсаулық. Деннің саулығы, жанның тазалығы ұзақ өмірмен жарқын күндердің себепшісі болып табылады. Шыны керек денсаулықтың қаншалықты өз организмімізге қажет екенін біздің ата – бабаларымыз ежелден-ақ түсінген және қадіріне жете білген. Сол себепті «Басты байлық- денсаулық» деп, бекер айтып кетпеген болар. Бұл тұрғыда біз ең бірінші дені сау адам қандай болу керек, жалпы қазіргі күні денсаулықтың қадірін жіті түсініп жүрмізба? Дені сау ұрпақтың келбеті қандай? Осы сұрақтардың жауабын бірге білсек
Дені сау адам, ол, ең бірінші ішкі жан дүниесі таза, көрсеқызарлық, көреалмаушылық, қызғаншақтық сияқты артық ойлардан аулақ болу керек. Себебі, адам ең бірінші ішкі жан дүниесімен өз келбетін қалыптастырады. Сіз қаншалықты спортпен айналыссаңызда ішкі ой- сана, сезіміңіздің жағымсыз тұстарының кесірінен өмірдің қарасын ғана көре аласыз. Сондықтан мейлінші жаман ойлардан аулақ болуымыз шарт.