1)Халық даналығы дегеніміз атадан балаға,ауыздан ауызға тарап келе жатқан,халық арасында әр адамның басынан өткен,соған өз дұрыс шешімін тауып басқаға ақыл ретінде айтқан немесе осы күнге дейін жеткен даналықтары
2)Өйткені бұрындары адамдар соның бәрін бастарынан кешіп ойларын болашақ ұрпаққа ақыл ретінде қалдырғаны үшін
3)Данышпан дана деп Өте ақылды,мейірімді адамдарды айтады Мысалға өз халқымыздың бұрындары өмір сүрген зиялы қауымдарымызды айта аламыз
4)Болашақта дәрігер болар едім,өз халқыма бар жағдайымды алған білімімді уақытымды аямай таза еңбек етер едім
Каспий 87471481808 :) ыхыхыхыхыхых
Объяснение:
Александр Винокуров, Серік Сапиев, Геннадий Головкин және бұдан өзге жеті спортшымызды бүкіл әлем таниды. Олардың есімдері әлемдік деңгейдегі жарыстарда аталады. Мұндай танымалдылығына қарамастан, әлеуметтік желіде жанкүйерлерімен тілдесуге уақыт табады.
ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН
Головкинді тіркелушілер саны жағынан Сәбина Алтынбекова ғана басып озады. Әлем чемпионымен тек батыс спортшылары ғана теңесе алады. Мұнымен қатар, спортшының жаңалықтарымен тек жұмыс күндері ғана бөлісетінін ескеруіміз қажет. Жеке өмірін ешкімге жарияламайды.
ИЛЬЯ ИЛЬИН
Ал әлемнің ең үздік ауыр атлетшісі Илья Ильин адамдарды үй кеңістігіне кіргізуге қорықпайды. Ол жаттығу жасап жатқан кездегі суреттерімен, отбасы мен қызының, тіпті, спорттық асының суреттерімен молынан бөліcеді. Осының арқасында ең мықты адамның кешкі асқа моцарелла мен жүгері ботқасын жегенді ұнататынын білеміз. Мұны бір жерге
Объяснение:
БІРІНШІ ТАРАУДА
Оқушы шығарманың бас кейіпкерімен, яғни менімен танысады.
Менің атым... Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар жоғары идеялы есімдер. Мұндайлар өз атын кәдімгідей мақтаныш көріп, біреумен таныса қалса, мәнерлеп, көтеріңкі дауыспен айтады. Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар. Өзге түгіл, өзіңе де ұнамайды-ақ. Әттең, қолдан келсе, табанда өзгертіп, әдемі аттардың бірін иемденіп алар едің. Бірақ амалың нешік, сен қызыл шақа болып жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген. Өскембайдың баласына Тыңжыртар деп ат қойған секілді, өзге қызу жұрт сол арада ду қостап: «Осы болсын баланың аты, осы болсын, мұнан жақсы атты дүниені шырқ айналсақ та таппаймыз» дескен. Міне, сол күннен, сол мезеттен бастап, әлгі ат сенімен бірге туғандай маңдайыңа шапталған да қалған. Енді одан көзің тіріде қашып құтыла алмайсың. Ұнатпасаң да, мойныңа іліп жүре бересің.
Өмірде осы тәрізді әділетсіздіктер толып жатыр. Жуырда мен газеттен оқыдым: қытайлардың ат қоюы қызық болады екен. Бала бес-алты жасқа толғанша, оның тәуелді аты болмайды. «Ортаншым», «Кенжем», «Сүйіктім», «Жұпарым» деген секілді шартты атаумен атап жүреді. Ал есі кіріп, бес-алты жасқа толғаннан кейін, бала өзіне қандай есім ұнаса, соны таңдап алады. Міне, әділдік деген. Осы дұрыс емес пе?
Жарайды, өткенге өкініш жоқ дегендей, істің турасына көшелік. Менің атым Қожа. Көріп отырсыңдар, пәлендей әйдік ат емес.
Шынын айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген екен. Туу куәлігінің өзінде солай деп жазылған. Бірақ дүниеде не қилы ғажайып құбылыстар бола беретіні тәрізді, бертін келе Қожабергеннің «құйрығы» үзіліп түсіп қалыпты. Бұл құбылыстың дәл қай жылы, қай айда, қай күні болғанын тап басып ешкім де айтып бере алмайды.
Сонымен, мен өзім ес білгелі Қожамын. Ауыл-аймақтың бәрі солай атайды.