Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Сөздік құрам ұлттың өзіне тән кәсібі мен қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін тұтас сипаттайды. Ұлттың рухани және материалдық мәдениеті неғұрлым бай болса, оны жеткізіп, суреттейтін сөздер де соншалықты көп әрі күрделі болады. Негізінде ұлт тіліндегі барлық сөздер реестрге тіркеліп, түсіндірме сөздікке енеді. Мысалы, 20 ғасырдың соңғы ширегінде жарық көрген 10 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне 70 мыңға жуық лексикалық және фразеологиялық бірліктер енген. Бірақ мұнда қазақ тіліндегі барлық сөздер қамтылмаған. Сөздік құрамыға жалпыхалықтық лексикамен қатар кірме сөздер, терминдер, кәсіби сөздер, диалектілер, жаргондар, әдеби және ауызекі тіл лексикасы, т.б. енеді. ( осыған қарап жасап көріңіз)
Халқымыз үйге келген қонақты құрметтеп, үнемі төрге отырғызған.
Еретректе қыз бала он екіге толғаннан кейін оған оң босағадан арнайы орын берген.
Жастар отау құрғанда айтылатын басты тілектердің бірі - "Шаңырағың биік болсын!"
Үйдің сол жақ қанатын сол босаға деп атайтын болған.
Үйге қонақ келгенде дастарқан жаю қонақжайлылық белгісі есептеледі.
Апамның сандығында неше түрлі маталар мен әшекей бүйымдар бар.
Есік жақта тұрған сөмкемді әкеліп бересің бе?
Жаңа түскен келін табалдырықты оң аяғымен аттайды.