1. Еліктеу сөздің мағыналық түрі нешеу? ә) 3; 6) 4; в) 5; г) 6.
2. Негізгі еліктеу сөзді табыңдар.
ә) зың; б) шұбалаң; в) жымың;
г) ақсаң.
3. Көп нүктенің орнына қойылатын еліктеу сөзді табыңдар.
Ол ... еткен дыбысты алыстан естиді.
а) бұрқ-бұрқ; ә) зың-зың; б) борш-борш; в) маң-маң; г) сарт-
а) елпең;
сұрт.
4. Баяндауыш жасауға қатысып тұрған бейнелеуіштерді табыңдар.
а) Көксеректің жанына дүрс етіп сұлап түсті.
ә) Үлкен, өткір көзі жалт-жұлт етеді.
б) Бүйір жағынан келіп арс етіп қауып түсті.
в) Ол бетін жастыққа басып, солқ-солқ жылап жатыр.
г) Әлгі адам сәл бөгеліп, тау шыңына қарай көз жіберді.
5. Еліктеу сөз қандай тұлғада бастауыш қызметін атқарады?
а) көмекші етістікпен тіркесіп зат есім алдында;
ә) етістікпен тіркескен жағдайда;
б) көмекші етістікпен тіркесіп заттанған жағдайда;
в) қимыл, іс-әрекеттің түрлі белгісін білдірген кезде;
г) әртүрлі дыбысқа еліктеу, олардың бейнесін елестету мәнінде.6) Шылау қатысқан сөйлемді анықтаңдар.
а) Оның ойын кейін білдім.
е ө) Гүлсім оны бұрын көрмеген екен.
б) Одан бұрын хабарды жеткізіпті.
в) Әрі жығыл десең, бері жығылады.
7. Шылауға тән емес ерекшелікті табыңдар.
а) толық лексикалық мағынасы болмайды;
ә) түрленбейді;
б) адамның әртүрлі көңіл күйін білдіреді;
в) сөйлем мүшесі бола алмайды;
г) сөздерді байланыстырады не толық мағыналы сөзге қосымша
мөн үстейді.
8. Күшейткіш демеулікті табыңдар.
а) Оның сөзінен өкініш те, ыза да сезіледі.
ө) Біз де естіп қуанып жатырмыз.
б) Жайдақ суды ит те, құс та жалайды.
в) Айып менде екені рас-ау!
г) Екі-үш күнде әзер жеттік.
9. Ыңғайластық жалғаулықты табыңдар.
а) Бұдан әрі оның тыңдауға шамасы келмеді.
ә) Ол тәрбиелі әрі жігерлі.
б) Ол Маратқа алма берді.
в) Тек кейде бұршақ жауады.
г) Сол сияқты балалар өте көп.
10. Орфоэпия бойынша жазылған шылауды табыңдар.
а) Бұны әкеме айтпай-ақ қой.
ә) Менімен бірге қыдырасың ба?
б) Бұдан былай сабақтан қалма.
в) Жаздан кейін күз келеді.
г) Қарағым-ау, тезірек жауап берсеңші.
Қазақстанның әлем кеңістігіндегі имиджі.
Еліміз 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, өз алдына егемен мемлекет болды. 28 жылдың ішінде елімізде бірқатар өзгерістер орын алып, бүгінде Қазақстан - әлемдік картада өзіндік орны бар, бүкіл әлем мойындаған тәуелсіз ел. Егемендік алғаннан бері ұлттық валюта енгізіліп, жаңа Астанамыз бой көтеріп, елдігіміздің нышандары (Әнұран, Ту, Елтаңба) белгіленді, қысқы Азиада ойындары, ЭКСПО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі т.б. бірқатар елеулі оқиғалар орын алды.
Сонау ата-бабаларымыздың, аға-апайларымыздың рухын таптамас үшін, кейінгі ұрпақ тыныш елде мекен етсін деп ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап қалған жер үшін, атамекен ел үшін еңбектерін, төккен терлерін зая кетірмес үшін біз өз Тәуелсіздігімізді мықты әрі берік етіп сақтау - біз үшін міндет.
"Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны мен мәртебесі бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.
Осындай кең байтақ жерде дүниеге келіп, батыр бабаларымыздың ұрпағы болғаным - мен үшін үлкен мақтаныш. Болашақта ер жетіп, Отанымның саясаты мен экономикасының дамуына бар күш - жігерімді арнағым келеді.