М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
dimanchik0108
dimanchik0108
08.02.2020 05:22 •  Қазақ тiлi

Бала бидің пікірінше, жерден ауыр не? А) адам өмірі

В) ақыл-білім

С) тәкәппар көңілі

Д) оқу-ғылым

Е) кітап

2. Бала бидің пікірінше, адам өмірі неден ыстық?

А) жалыннан

В) жақсылықтан

С) тозақ отынан

Д) оттан

Е) күннен

3. Бала бидің сұрағына кім жауапберді?

А) Қазыбек би

В) шәкірті

С) өзі

Д) Төле би

Е) баласы

4. «ауыз тұшырлықтай» тіркесінің мағынасы?

А) жылы сөз

В) ауыр сөз

С) аузы ашық

Д) ауыз ашитындай

Е) көңіл толатындай

Құмырсқа

Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктердің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған. Олардың біз білмейтін қызық қыры көп. Оны ғалымдар зерттеп, бұқараға жеткізіп отыр. Құмырсқаларды зерттейтін ғылым - мирмекология деп аталады. Осы мирмеколог мамандардың құмырсқадай тынбай талаптанып, қайнаған тіршілікті зерттеуі нәтижесінде бізге олар туралы көптеген қызықты деректер белгілі болды. Құмырсқа жер жүзінде ең көп тараған жәндік. Әлемдегі ең құрметті мимекологтардың бірі Эдвард Уилсонның есебі бойынша, бүгін жер бетінде 10 квадриллион, яғни онның 15 дәрежесіндей құмырсқа бар екен. Жан басына шаққанда, бір адамға миллион құмырсқадан келеді, ал жалпы үлесі барлық адамның үлесіндей.

1. Мәтін қай стильде жазылған?

А) ресми стиль

В) ауыз екі стиль

С) ғылыми стиль

Д) көркем әдеби стиль

Е) публицистикалық стиль

2. Мәтіннің тақырыбы қандай?

А) жәндіктер туралы

В) құмырсқалар илеуі туралы

С) құмырсқалар туралы

Е) мирмекологтар туралы

Д) құмырсқалар еңбегі

3. «Құмырсқадай құжынаған» тіркесінің мағынасына сай келмейтін қатарды көрсетіңіз.

А) көп, быжынап кетті

В) көп, ығы- жығы

С) қаптап кетті, қайнады

Д) қажырлы, еңбекқор

Е) қайнаған, қалың

4. Құмырсқаларды зерттейтін ғылым қалай аталады?

А) биология

В) мирмекология

С) ботаника

Д) зоология

Е) нумерология

Сақ патшасы

Ұлы сақ ордасының қазынасы құлқынын тескен Кир патша Сырдарияның ұлы арнасына кеп тоқтап,қайтыс болған күйеуінің орнына патша болған Тұмар ханымға елші жібереді: - Сақтардың ұлы ордасының жесір ханымы маған әйел болсын! Екеуміз екі елдің басын қосып, бірігіп билейік. Бұл дегеніңіз – Тұмар ханымның басына құмай (бақыт) құсының қонғаны!-деп сәлем айтады. Кирдің ойлағаны елінің елдігі емес, байлығы екенін түсінген Тұмар құда түсе келгендерге: - Келген жолдарыңызбен кері қайтыңыздар. Желегім желбіреп отырған қыз емеспін. Әңгіме менің жеке өз басым туралы болса, онда мәселе бір басқа. Мен елімнің падишасымын. Мен иілсем - елімнің иілгені. Мидиялықтардың патшасы Кир ниетінен қайтып, отанына оралсын. Қаншама құдіретті болса да, Күн тәңірімнің күні ертең кімді қолдап, кімге зауал әкелерін қайдан білейік. Кир көзін маған емес, менің еліме салып отыр. Ал еліме бұғау салдыртпаймын, ата-баба аруағы жатқан жерді жаттың табанына таптатқызып қоймаймын. Соны есінде сақтасын,-деп қайыра сәлем айтып жібереді.

1.Мәтінге сай емес тақырыпты таңдаңыз

А) Ұлы сақ ордасы

В) Тұмар патшайымның қайсарлығы

С) Кирдің арманы

Д) Елдестірмек елшіден

Е) Елі үшін туғандар

2. Тұмар патшайым тарихта қандай атпен белгілі?

А) Қыз Жібек

В) Зарина патшайым

С) Қыз Қорлан

Д) Томирис патшайым

Е) Амазон патшайымы

3. Кир қай елдің патшасы

А) Иран

В) Рим

С) Сақ елінің

Д) Мидия

Е) Македония

4. «Тәңірімнің» сөзіне қандай жалғау жалғанған?

А) септік жалғау, жіктік жалғау

В) көптік жалғау, септік жалғау

С) ілік септігі, жіктік жалғау

Д) жіктік жалғау, тәуелдік жалғау

Е) тәуелдік жалғау, септік жалғау

Ана тілі

...Әділіне жүгінсек, адамзаттың адамзат болып қалуына барлық халықтың бәрі қажет. Олардың тілдері мен мәдениіттерінің бәрі қажет. Ал мәдениет пен тіл тек белгілі бір ортада ғана өркен жайып, көсегесін көгерте алады.

Анасын қадірлемеу қандай хайуандық болса, ана тілі тағдырына енжарлық та – адамгершілікке жатпайтын өрескелдік. Елінің тәуелсіздігін ойлайтын адам тілінің кемелденуіне де қолғабысын аямауы тиісті. Шығыстың ежелдегі ірі данышпаны:

«Дүниені түзеткің келсе, әуелі өзің түзел, сонан соң балаң мен достарыңды түзе»,-деген екен. Егер ана тілімізге шын жанымыз ашитын болса, оны әуелі өзіміз үйреніп, сонан соң балаларымыз бен достарымызға үйреткеніміз абзал.

1. Мәтін тақырыбын анықтаңыз.

А) Ананы қадірлеу

В) Достық туралы

С) Ана тілі жайында

Д) Бала тәрбиесі

Е) Адам мінезі туралы

2. «Тағдырына» сөзінің жасалуы

А) түбір, тәуелдік жалғау, септік жалғау

В) жалғау, көптік жалғау, жұрнақ

С) түбір, септік жалғау

Д) жіктік жалғау, жалғау

Е) түбір, жұрнақ, жалғау

3. мәтіндегі көсегесін көгерту тіркесті не мағына береді?

А) соққыға жығу

В) жолы болу

С) от жағу

Д) өркендеу

Е) насихаттау

4. Зат есімнен жасалған туынды етістікті белгілеңіз

А) адамгершілік

В) өркен жаю

С) дами алады

Д) үйреткен

Е) кемелдену

найти ​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
martynenko5
martynenko5
08.02.2020
ПРО РОДИНУ

Отан оттан да ыстық.

Туған жер - алтын бесігі.

Отан отбасынан басталады.

Туған жерде жкр болмас,
Туған елдей ел болмас.

Отан - елдің анасы,
Ел - ердің анасы.

Ер елінде, гүл жерінде

ПРО ЯЗЫК

1. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің сөзі ортақ.
Руки умельца и язык оратора – народа достояние.

2. Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік.
Слово акына острее клинка и нежнее волоска.

3. Ділмардың сөзі ұстаның бізінен өткір.
Слово оратора острее шила сапожника.

4. Аз сөйлесең де саз сөйле.
Говори редко, но метко.

5. Тілге шешен – іске мешел.
Кто на слово щедр, тот на дело скуп.

6. Тілде тиек жоқ,
Ауызда жиек жоқ.
Язык – без запора, рот без ограды.
4,6(89 оценок)
Ответ:
Magomedrasul05555
Magomedrasul05555
08.02.2020
Әлемдегі ең танымал сәулет туындысы, Францияның басты символы – Эйфель мұнарасына биыл 125 жыл толды. Париждің атақты архитектуралық туындысы 1789 жылы болған революцияның жүз жылдық мерейтойын атап өту мақсатында дүниежүзілік көрме үшін уақытша ғимарат ретінде 1889 жылғы әлемдік көрменің кіреберіс дарбазасы қызметін атқару үшін жобаланып, салынған болатын. Манхеттендегі Крайслер салынғанға дейін 40 жыл бойы әлемдегі ең биік мұнара болып саналды. Францияның символына айналған Эйфель мұнарасының биіктігі – оның құзар басындағы антеннасымен қоса есептегенде 322 метр. Ал салмағы он мың тонна. Алып мұнара үш бөліктен тұрады. Ең үстінде орналасқан үшінші бөлігі 274 метр биіктікте орналасқан. Оның төбесіне не лифтімен, не 1792 қатарлы сатымен жаяу көтерілуге болады. Ол бүгінде Францияның символына ғана айналып қоймай, жылына 53 миллион евро пайда әкелетін үлкен табыс көзі болды. Мұнараның атын оны жасап шыққан конструктор Густав Эйфельдің құрметіне қойған. Г.Эйфельдің сызбасы 700 жобаның ішіндегі ең үздігі деп танылып, конкурсты жеңіп алады. Алайда, кезінде француз халқы Эйфельдің салынуына қарсы болған. Тіпті, атақты француз жазушысы Ги де Мопассан Эйфель мұнарасын «құбыжық қаңқаға» теңеген. Ол оны жек көргені сондай, француз элитасын оған қарсы қойып, оны қайтадан құлатып тастауға атсалысқан. Француз жазушысының мұнара жайлы: «Мен Эйфель мұнарасын көрмес үшін Эйфель мұнарасының ішінде отырып, мейрамханада тамақтанамын. Өйткені, бұл мұнараны Париж бойынша тек осы жерден ғана көрмеуге болады» - деген екен. Сол уақытта көп адам жақтырмаған сәулет өнері қазірде әлемдегі ең танымал символдардың қатарында. Міне, осы ғажайып Эйфель мұнарасы биылғы наурыз айында 125 жылдық тарихы бар сәулет өнеріне айналды.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/18591/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
4,6(25 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ