М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Propert
Propert
05.10.2022 21:07 •  Қазақ тiлi

СОР Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы – байырғы заманнан келе жатқан “көктемгі жаңару” мерекесі екені белгілі. Наурыз - бес мың жылдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Бұл мейрам Орта Азия халықтары, соның ішінде қазақ халқының да ұлттық мейрамы екені баршамызға аян, деп хабарлайды

Бұл көне мереке Наурыздың тарихына көз салсақ, әлем халықтарының басым бөлігі аталмыш мейрамды әлі күнге дейін тойлап келеді. Бұл мейрам көбінесе Наурыз, Невруз, Навруз, Новруз Байрам деп атаса, ал тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, чуваштар “норис ояхе”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи” деп түрліше атайды.

Наурыз сөзі “Жаңа күн” деген мағына береді. Мейрам кезінде тазалыққа мән беріліп, мерекелік “Наурыз көже” дайындалады. Көже – еліміздің әр өңірінде әр түрлі жеті түрлі дәмнен жасалатынын да байқауға болады. Наурыз мейрамында бір-біріне қонақ болып, тойлап арқа-жарқа болып жатады. Ал, енді әлем елдерінде Наурыз қалай тойланады? Қысқаша тоқталып өтейік...

Қырғызстан

Көрші айыр қалпақты ағайындар елінде бұл мейрам айрықша тойланады. Көктемгі мейрамда дастархан жайылып, май, қант және бидай ұнынан жасалған дәстүрлі ұлттық тағам – сумелек (сүмөлөк) және көже дайындалады. Халық арасындағы сенімге байланысты “су” және “мелек”(періште) сөздерінен құралған. Және бұл тағам жәннәт тағамы, қасиетті екендігі айтылады. Қарызынан құтылып, адамдар бір-бірімен татуласады. Кейбір жергілікті сенім бойынша мейрам күні нәресте дүниеге келсе, есімін "Нооруз" деп қояды. Ал, қар жауу да - жақсылықтың нышаны.

Қазіргі таңда, Қырғызстанда бұл мейрамда алаңдарда жалпыхалықтық серуендер, мерекелік концерт пен ұлттық ойындар өтеді.

Түрікменстан

Түрікмендерде көктем мейрамы Наурызға байланысты қазіргі таңда халыққа танымал кейбір ырымдар бар. Мәселен, “Егер наурызда күн бұлтты болса, онда осындай ауа-райы маусым айына дейін созылады" деп күткен немесе “Наурызда қар немесе жаңбыр жауса – жыл егінге қолайлы әрі өнімді болады” топшылаған. Наурыз мерекесінде алғашқы жаңа маусым басталады. Яғни сол мерзімде, шопандар қасқырларға шабуыл жасайтын алабайлар шайқасын ұйымдастырады.

Сонымен қатар, тағы бір жаңашылдық үрдістің пайда болып келеді. Түрікменстан "Наурыз Байрамы" кезінде әйелдердің қоғам өміріндегі рөлінің танылуы мақсатында Әйелдер күнін, Аналар күнін атап өтіп келеді.


СОР Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы – байырғы заманнан келе жатқан “көктемгі жаңару” мерекесі екені

👇
Открыть все ответы
Ответ:

Қоғам үшін ең бастысы - тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі - заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық - адам бостандығы.

«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»

Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар.

Балалар, ересектер сияқты, негіз қалаушы: сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактіде көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.

Объяснение:

4,4(60 оценок)
Ответ:
alihanova1
alihanova1
05.10.2022

Қазақтың бала өсіру және тәрбиелеуге қатысты ертеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі - "ашамайға мінгізу".  Бұл ғұрып қазақ арасында балалардың жас-жыныстық жағынан жіктелуін айғақтайтын тіршілік цикліне қатысты салттарының бірі. Қыз балаға тұлым қою, құлақ тесу рәсімдері өткізілсе, ер балаларды сүндетке отырғызып, айдар қойып,  алғаш рет  атқа мінгізу рәсімін өткізген. Мұны "ашамайға мінгізу" не "ашамай тойы", енді бір аумақтарда "ат мінгізу тойы"деп те атаған.

Баланы кез келген атқа не тайға отырғыза салмаған, оны көбіне бәсіреге берілген тайға отырғызады. Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң солын таныған соң, "сүндет тойына" немесе мектепке барғанда атасы немесе өз әке шешесі оған тай атайды немесе шілдеханаға келген туған-туыстарыжас сәбиге бір құлын атайды. Мұны "бәсіре беру" дейді. "Бәсіре" атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделеді. Өз қатарына "бәсіре тайым бар" деп мақтанып, өсіп жүреді. Мұның бәрі баланың көңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы.

Қазақтың бала өсіру және тәрбиелеуге қатысты ертеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі - "ашамайға мінгізу".  Бұл ғұрып қазақ арасында балалардың жас-жыныстық жағынан жіктелуін айғақтайтын тіршілік цикліне қатысты салттарының бірі. Қыз балаға тұлым қою, құлақ тесу рәсімдері өткізілсе, ер балаларды сүндетке отырғызып, айдар қойып,  алғаш рет  атқа мінгізу рәсімін өткізген. Мұны "ашамайға мінгізу" не "ашамай тойы", енді бір аумақтарда "ат мінгізу тойы"деп те атаған.

Баланы кез келген атқа не тайға отырғыза салмаған, оны көбіне бәсіреге берілген тайға отырғызады. Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң солын таныған соң, "сүндет тойына" немесе мектепке барғанда атасы немесе өз әке шешесі оған тай атайды немесе шілдеханаға келген туған-туыстарыжас сәбиге бір құлын атайды. Мұны "бәсіре беру" дейді. "Бәсіре" атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделеді. Өз қатарына "бәсіре тайым бар" деп мақтанып, өсіп жүреді. Мұның бәрі баланың көңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы.

Балаға арналған бәсіре аты үйретіліп, мінуге жарап тұрса, онда баланы соған мінгізеді. Салтанатты түрде үйретілген бәсіре тайға ашамай ерттелінеді. Ашамай дегеніміз баланың тайына арнайы жасалынған ердің бір түрі. Ол үзеңгісіз болады, себебі баланың бойы үзеңгіге жететіндей ұзын болмайды. Кейде бәсіре тай белгілі бір себептерге байланысты мінуге жарамаса, баланың өзімен шамалас жуас, жүрісі жайлы, әрі сыр-сымбаты жарасқан кұнан не дөнен таңдалады.

Баланың ашамайға мінгізілуі оның өмірінде тіршіліктің жаңа кезеңі басталғандығын білдіреді. Баланың рәсіміне ауыл адамдары жиналып, бала мінген аттың жал-құйрығына, баланың шапанына не баскиіміне шоқтап үкі тағып, "жын-шайтаннан қағады" дегенді білдіреді. Баланы атқа мінгізу құрметі шабандоз, желтақым жігіттерге жүктеледі. Баланы атқа мінгізіпп, белін айналдыра жұқа көрпешемен орап, қолтырмаш ағаштармен денесін ауыртпайтындай тартып таңады. Ат үстіндегі бала алақанын жайып, ауылдың батагөй ақсақалдарынан бата сұрайды. Бата берілген соң, баланың қолына аттың тізгінін, оң қолына қамшы ұстатады, аналар шашу шашып, тілектер айтады.

Осындай рәсімнен кейін көп ұзамай ашамайды тастап, ер-тоқымға мінеді. Баланы ашамайға мінгізу баланың атқа отыра білу, қолқанат болу, баланың мықты, табанды болып өсуін қамтамасыз ететін дәстүрлеріміздің бірі деуге болады.

4,6(94 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ