М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
maruad1
maruad1
01.10.2020 22:57 •  Қазақ тiлi

Қысқы олимпиада Мәтіндегі ақпараттың Ақиқат/Жалған екенін анықта.
Денис Тен 2009 жылы Лос-Анжелесте өткен әлем чемпионатында 8-орын алып, алғаш рет әлемдік жарыста үздік ондыққа енді. Ол кезде спортшы 16 жаста еді. Денис Тен 2013 жылы Канадада өткен әлем чемпионатында күміс медаль алды. Әлемдік мамандар Теннің бұл жеңісін сенсация деп бағалады. 2014 жылы Ресейдің Сочи қаласында өткен Қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен қола жүлдегер атанды. Денис Тен 2015 жылы Шанхайда өткен әлем чемпионатында қола медаль иеленді. Денис Тен 2015 жылы Сеулде (Оңтүстік Корея) Азия, Америка, Австралия, Африка спортшылары қатысатын "Төрт құрлық чемпионатында" жеңіске жетті. Тен – бұл жарыста алтын алған алғашқы қазақстандық спортшы. Денис Тен мәнерлеп сырғанауда қиын элементтерді орындайтын санаулы спортшылардың бірі болды.
Денис мәнерлеп сырғанауда ең қиын элементті орындай алады.
Денис Тен 16 жасында тұңғыш рет әлемдік жарыста үздік ондыққа кірді.
Денис Тен Америкада тұрып, жарыстарға дайындалды.
Сочидегі жарыста Денис Тен жүлделі орын алды.

👇
Ответ:
Настя0330
Настя0330
01.10.2020

ответ на фото

Проверено


Қысқы олимпиада Мәтіндегі ақпараттың Ақиқат/Жалған екенін анықта. Денис Тен 2009 жылы Лос-Анжелесте
4,7(62 оценок)
Ответ:

Правда

Правда

Ложь

Правда

4,7(87 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
LilauSen
LilauSen
01.10.2020


Аяғын үзеңгіге салып, арғымақты жалынан ұстап өмір жолындағы өз соқпағын таңдауға тәуекел еткен, айналайын талапкерлер, егер сендер журналистика әлемінің табалдырығынан аттап, есігінен енеміз десеңдер, бұл кәсіптің түбіне дейін терең бойлап, орта жолдан кері қайырылмайтындай арғы-бергісін таразыға тартқандай салмақпен ойлап барып шешім қабылдағандарың дұрыс.

Рас, алғашында журналистика адамды магнит тәрізді өзіне тартып алады. Газет-журналдарда жарық көрген мақала соңындағы аты-жөнің, радио эфиріндегі сөйлеген сөзің, яғни, әдеттен тыс ерекше естілген үнің, көгілдір экрандағы көрерменмен бетпе-бет келетін болмыс-бітімің – бәрі де талапкер үшін таңғажайып тартымды құбылыстар. Тіпті, арманыңа жол ашатын табыс кілті десе де болғандай. Бірақ, журналистика тек осынау жүрек тебірентер жағымды өмірлік құбылыстардан ғана тұрмайтынын, оның одан да өзге егжей–тегжейі мен қыр-сыры, күнгейі мен теріскейі, жотасы мен белесі, асуы мен асқары бар екенін ескерген абзал. Ал тек қана жігерлендіретін, қайратыңа қайрат қосып, қиялыңа қанат бітіретін кілең жағымды құбылыстар журналистиканың төл табиғатын, бар болмысын түгел қамти алмайды.

Себебі, журналистің бармайтын жері, баспайтын тауы, ашпайтын есігі, кірмейтін тесігі қалмайды. Журналист өмірдің ғажабын да, азабын да, қоғамның жақсылығын да, жамандығын да жазады. Қажет болса (егер кейіпкері түрмеде болса түрмеге, жындыханада болса жындыханаға, т.с.с) өртке де араласады, сотқа да кіріседі, ұрыс-шатаққа, қылмыстық оқиғаларға да, саяси шараларға да, өлім-жітімге де араласады (тіпті, өз шындығын қорғау үшін соттасуы да мүмкін, репортаж жүргізу үшін соғысқа баруы да ықтимал, керек болса өлімге де бас тігеді). Өйткені журналист бал арасына ұқсап, өзіне қажет ақпаратты жер-көкті кезіп, шартарапты шарлап, тірнектеп, теріп жүріп жинайды. Сол ізденістің барысында небір керемет ләззат алатын таңғажайып тамаша сәттерді, сонымен қатар, адам айтса сенгісіз сұмдық оқиғаларды, қилы-қилы күрделі процесстерді бастан кешіреді. Қызмет бабындағы кәсіби бәсеке – өз алдына бөлек дүние. Өздерің білесіңдер, басқа сала өкілдерін былай қойғанда экранда да эфирде де «жұлдыздардың» микрофонға жармасып, жүргізушілікке таласатыны – факт. Сонымен, БАҚ мінберіне барар жолдағы белестер жайлы кеңестер:

1. Тек қана шындықты айт; 2. Алған бетіңнен қайтпа, түбіне жетпей тынба, қысқасы – «қадалған жеріңен қан ал»; 3. Әдептілік әлемді бағындырады, әрдайым әдепті бол; 4. Батыл бол, қорықпа! (Аққа құдай жақ); 5. Мақтау естісең де, сынға ұшырасаң да кітапқа жүгін (ең сенімді дос сол); 6. Кез келген ақпаратты жария етпес бұрын тексеріп ал («Басқа бәле-тілден»); 7. «Ой қайталама, сөз қайталама» (Профессор Омашевтың теориясынан), т.с.с. толып жатқан толғамдар бар, қалғандарымен оқуға түскен соң дәріс кезінде танысасыңдар.

Сонымен, «Ата алмасам, маған-серт, атылмасаң саған-серт» деп аңшының мылтығымен серттескеніндей қазақ журналистика қарашаңырағының табалдырығынан аттамас бұрын бұл киелі кәсіпті басы бүтін таңдап, біржолата және түбегейлі шешім қабылдағаннан кейін есіктен ене бер. Ал «нар тәуекел» деп басынан сөз асырмаған бабалар жолын таңдап, босағадан аттаған екенсіңдер, демек, ұлттық журналистиканың қамын күйттейтін, шындық үшін шырқырайтын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, ақпарат үшін ішкен асын жерге қоятын алған бетінен қайтпайтын, шындықтан басқаны айтпайтын радио мен телевизияның эфиріндегі қайтпас қарагер, басылымдар мен интернет сайттарындағы мәселені тарқатса түйінін шешіп айтатын, керек жерін дөп басып, кесіп айтатын көсем, шешен журналист болатындарыңа сене бер!
4,5(74 оценок)
Ответ:
TaniaAl
TaniaAl
01.10.2020

Мәңгілік ел - менің елім.

Мәңгілік ел болу үшін,елімізді дамыған мемлекетке айналдыру,ұлттық мүдде мен рухани дүниемізді жаңғырту,ұлтымыздың мерейін асыру мақсаттарын іске асыруымыз керек.Осы мақсаттарды іске асырсақ еліміз дамыған 30 елдің қатарына кіретіні сөзсіз.Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз.Бәріміздіңде туған жеріміз біреу - қасиетті Қазақстан даласы.Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,ол - Тәуелсіз Қазақстан.Біз болашаққа көз тігіп,тәуелсіз елімізді "Мәңгілік ел" етуді мұрат қылдық,- деді.Мәңгілік ел болу үшін - Ата -бабаларымыздың ерлігі,бүгінгі буынның ерен істері,болашақ ұрпақтың жасампаздық сабақтастығы үзілмеу керек.Тәуелсіздік алғалы қаншама қиыншылықтан өттік.Елімізді әлем таныды.Біздің ендігі мақсатымыз осы тәуелсіздігімізді жоғалтпай,бірлігімізді сақтап,бабалардың аманатын болашақ ұрпаққа жеткізу.Біздің борышымыз - еліміздің "Мәңгілік ел"болып қалыптасуына өз үлесімізді қосу.

4,5(95 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ