вот, проверено билим лендом)
«Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» диалог.
Мұғалім: Балалар, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін қашан алды, кім біледі?
Оқушылар: Апай, мен білемін. 1989 жылы тілдер туралы Заң қабылданып, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алды.
Мұғалім: Жарайсың, Санжар. Келесі сұрақ: қазақ тілі қашаннан бері заңды түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып саналады?
Оқушылар: Ол сұрақтың жауабын мен білемін. 1990 жылдан бері қазақ тілі заңды түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып саналады.
Мұғалім: Дұрыс айтасың, Айлана. Жалпы, мемлекеттік тіл дегеніміз не?
Оқушылар: Мемлекеттік тіл дегеніміз - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Мұғалім: Өте керемет жауап, Алтынай! Мемлекеттік тілді меңгері парыз ба, қалай санайсыңдар?
Оқушылар: Ия, апай. «Тіл туралы» заңға сәйкес мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Өткен сабақты жақсы меңгеріпсіңдер! Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс екенін естеріңде ұстаңдар.
1. 2016 жыл Қазақстан паралимпиадашылары үшін де табысты жыл болды.
2. Қазақстандық 51 жастағы Зүлфия Ғабидуллина Риода өткен паралимпиадада жүзуден алтын алып, ұлттық құрама тарихында тұңғыш паралимпиада чемпионы атанды.
3. Шетелдік басылымдарда оның есімі паралимпиадада үздік шыққан егде спортшының бірі ретінде аталды.
4. Қазақстандық тағы бір паралимпиадашы – 50 жастағы Раушан Қойшыбаева пауэрлифтингтен күміс медаль иеленді.
Объяснение:
Всё верно. Всем удачи!