2-тапсырма Автор осы үзіндіде қандай қасиетке ерекше мән береді? Повестің өн бойынан аңғарылатын автор позициясына талдау жасаңыз.
Менің күшігім саған қарап шәуілдесе керек, Қабылбек! Айыбын көтергелі келдім алдыңа. Кешіремісің, сірә! – депті.
Мына сөзден Қабылбектің қабырғасы сөгіліп, қалбалақтап атынан аунап түседі:
- О, текті би Текебай! Сенің балаңның айыбынан менің айыбым асып кетті білем. Аға болсаң да сені мен аттан түспей тыңдаппын-ау. Сен кешіремісің мені? Бұл әдепсіздігім бүкіл әулетімізге таңба болатын болды ғой, ой, әттеген-ай! Ат шапан айып сенен емес, менен, ақсақал! - деп үстіндегі зерлі шапанын шешіп, Текебайдың иығына жауыпты.
.
Қазақстан - Отаным
Туыстарым, туған үйім мен үшін,
«Отан» деген - жылы ұям , кенішім.
Қарт әжемді , тіпті кейде бейтаныс,
Сыйғызамын осы сөзге , ел ішін.
Туған жер деп соғатытынын жүректің,
Сезген кезде шынайы бір дір еттім.
Ой- санамда қайнап жатқан сезімді,
Арнау етіп, Отаныма жыр еттім.
Жер жаннаты – Жетісуым керемет,
Көктемменен жамылады жер желек.
Қозы – лақпен түкті кілем үстінде,
Балалықпен мен де жүрем еркелеп.
Тамсанамын туған жердің көркіне,
Сені бізге ырыс-құт қып берді ме?!
Қазақстан - ұрпақтарға арман боп
Жеткен елсің , Тәуелсіздік сертіне!