Мамандық туралы диалог
- Әне – міне дегенше, оқу жылы да аяқталып, ұлттық бірыңғай тестілеуге де санаулы күн қалыпты...
- Соны айтсай, өз басымда аздап қорқыныш пен қобалжу бар. Сенің дайындығың қалай?
- Жалпы, жаман емес десем де болады. Негізгі пәндер бойынша өз бетіммен дайындалып, ал бейіндік пән бойынша мұғаліммен қосымша дайындалдым. Өз біліміме сенімдімін.
- Ал сен қандай мамандық таңдап едің?
- Мен болашық дәрігер болуды армандаймын. Адамдардың өміріне араша түсіп, бар білімімді медицина саласына арнағым келеді.
- Бәрекелді, ал сен неліктен бұл мамандықты таңдадың?
- Әр азаматтың өзінің жүрегі қалаған мамандығы бар ғой. Қайбір мамандық болмасын өз маңыздылығы, пайдасы мен ерекшеліктері болады. Ал менің бала күннен арманым – дәрігер болу, себебі дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
- Дұрыс айтасың. «Ақ халатты абзал жандар!» -деп халқымыз жәй айтпаған. Адам өміріне деген жауапкершілік, адалдық және үлкен жүрек керектігі сөзсіз.
- Адамдарға менің көмегім тисе, мен өзімді бақытты жанмын деп бағалар едім.
- Жақсы, досым. Ендеше саған тек сәттілік тілеймін, ұлттық тестілеуден сүрінбей өтіп, арманыңа қол жеткіз!
- Көп рахмет!
Көгершін - бейбітшілік құсы.
«Ақ көгершін, көгершін,
Қолқанат құс сен едің,
Бар кезіп қайт ел үшін,
Кең дүниенің көлемің ...» деп Ахмет Жұбанов атамыздың өлеңінде айтылғандай, барлығымыз үшін көгершін құсы – бейбітшілік пен достықтың символы іспеттес болып кеткен. Сонымен қатар ертеде көгершіндер алыс елдерден хат тасушы ретінде арнайы жаттықтырылған.
Көгершін көп халықтарда бейбітшілік белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Ал атамыз қазақ тек көгершінді ғана емес, сонымен қатар аққуды – махаббаттың, қарлығашты – мейірімнің, бүркітті – ержүректіктің нышаны ретінде қарап, тіршілік иелерінің бәрін құметтей білген.
Осынау кішкентай ғана тіршілік иесі қалай және неліктен «бейбітшілік белгісіне» айналды екен, соны айта кетейік.
Талайларды боздатып, қаншама адамның өмірін жалмап, тағдырын қан жылатқан Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталысымен АҚШ пен КСРО сынды әлемдегі екі алпауыт мемлекет атом бомбасын жасап, тіпті бірі Жапонияның екі қаласына тастап та үлгеріп еді. Осы әрекеттен кейін 1949 жылдың 20-25 сәуірі аралығында Париж және Прага қалаларында бір мезгілде бейбітшілік жақтаушыларының Бүкіләлемдік Конгрессі өтеді. Енді деректерге сүйенсек, бейбітшілік жақтаушылары аты төрткүл дүниеге әйгілі болған суретші Пабло Пикассодан өздеріне танымбелгі жасап беруін өтінген көрінеді. Міне, осылайша дүниеге кішігірім және көзге бірден түсетін тұмсығымен зәйтүн бұтағын алып бара жатқан ақ көгершіннің сұлбасы келген екен.
Объяснение: