Мен – балаң жарық күнде сәуле қуған...» бөлімі Оқылатын шығарма: О. Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі
Оқу мақсаты:
6.3.4.1 шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау
Бағалау критерийі: • көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі: жоғары денгей дағдылары
Орындау уақыты: 25 минут
1-тапсырма. Әңгіме туралы берілген сыни хабарламаны оқып, көтерілген мәселе анықтаңыз.
Шығарма Ораштың көзімен, қимас сезімімен, өкінішімен берілген Тортай тағдыры жайлы. Екі баланың әңгімесінен олардың зеректігін, сезімталдығын, ақылдылығын көрмеу мүмкін емес. Үміт арту, мақсат қою, армандай білу осы балалардың әңгімесінен анық көрінеді. Бір-бірінің қамын ойлап, бір-бірін толықтырып отыратынын оқыған кезде, шын жанашырлықтың не екенін түсінуге болады.
Ал Ораштың Тортайға қатты жаны ашыған сәті мынау еді. «Күз жақындап, фермадағы барлық бала жайлаудан ауылға оқуға аттанғанда, тау басында бұзау бағып, жападан-жалғыз Тортай ғана қалған. Әрине, мен оны қимадым, қиналдым. Өзіммен бірге ала кететін шаманың жоқтығына жыным келді». Ең зерек досының ауылда қалып, оқуға бармай қалғанына жаны ашып, қолдың қысқалығына налуда... «Кетерімде ол маған ең сүйікті кітабын сыйлап тұрып айтты: «Мен үшін де оқы. Бәлкім, мен міне алмаған ақ боз атқа cен мінерсің». Осы сәттен бір-бірін қимасын әрі досқа артылған үлкен үмітті көруге болады. Арманындағы ақ боз атын өзі мінбесе де, досына қиған Тортайдың ақжүректілігін байқайсыз.
Көтерілген мәселе:
2-тапсырма. Мәтін құрылысына қарай отырып, сыни хабарламаның үш белгісін анықтаңыз.
А. Берілген үзіндінің маңызды эпизод екенін ажыратады.
В. Жазушы басқа оқырмандарға өзі байқаған мәселені көрсетеді
С. Көркем шығармадан мысал келтіру арқылы дәлелдейді
Д. Сол мәселе туралы өзіндік пікірін жазады
Е. Үзіндідегі көркемдегіш құралдарды табады.
3- тапсырма. Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жазыңыз.
1. «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесіндегі балалар арманы
2. «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесіндегі орындалмаған арман
3. «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесіндегі ертегінің рөлі
Қыс.Даланы аппақ қар жапты.Анда-санда күн борап тұрады.Дала сондай бір тамаша күйге бөленген күйін айтсам сенбейсің, керемет көз жауын алады.Енді сол аппақ кілем үстімен жүрсең көңілің бір көтеріліп қалады.Шанамен сырғанау,шаңғы тебу,мұз үстімен жүру,қар үйін жасау сияқты қыс қызықтары жетіп жатырлық.Қыстың тағы бір көркі аққала. Аққала жасағанға не жетсін. Қыстың келгенін сол білдіреді. Аққаланы жасау оңай. Оны жақсы етіп безендірудің өзі бір ғанибет. Қысты сипаттап әңгімелеу сол мезгілді көз алдыңа елестету дегенмен бірдей. Осындай қызығы мол қысты қалай жақсы көрмейсің?!
Алдар көсе – қазақ сатиралық ертегісінің кейіпкері. Бұл бейне қазақ пен қырғызда бар, сонымен бірге түрікменнің бірен-саран сюжетінде кездеседі. Демек, Алдар көсе қазақ фольклорына тән төлтума бейне деуге негіз бар. Түрік халықтарына ортақ әйгілі кейіпкер Жиренше шешен Жәнібек ханға ақыл айтушы дана би кейпінде ғибратты сипатта көрінеді. Айлакер, қу, әккі Алдар көсе образы хандық билік жойылғаннан кейін қара бұқара арасында әлеуметтік жағдайдың шиеленісе түсуіне байланысты күресуші тип сипатында қалыптасқан. Алайда осы образдың терең қатпарында алғашқы қауымдағы мифологиялық түсініктердің ұшқыны бар екенін С.Қасқабасов пен Е.Тұрсынов еңбектерінде айтылады.
Қысты сипаттап әңгімелеу сол мезгілді көз алдыңа елестету дегенмен бірдей. Осындай қызығы мол қысты қалай жақсы көрмейсің?!