3-тапсырма. Суреттерді пайдаланып, осы оқиға туралы баяндап, алыстағы досыңызға хат жазыңыз. Хатта теңеулер мен метафораны қолданыңыз. Етістіктің шақтарын дұрыс пайдаланып, қалау райды қолданыңыз. (6)
Ру, рулық қоғам — алғашқы қауымның экономикалық, әлеуметтік негізгі ұясы; арғы тегі бір әкеден немесе бір шешеден тараған туыстар тобы. Ру алғашқы адамдар тобынан басталып, кейінгі рулық құрылысқа ауысты. Рулық ұйымның кейінгі құрамын ғана зерттеуге мүмкіндік болғандықтан, рудың даму тарихын зерттеу мәселесінде ғалымдар арасында әр түрлі көзқарастар бар. Тайпа– қандас туыстардан тұратын әлеуметтік және этникалық бірлестік. Ол рулар мен аталарға бөлінеді. Көшпелі халықтарда тайпалық бірлестіктері ұзақ уақытқа дейін сақталады.Дәуір — халықаралық дәрежеде келісілген бірегей жержылнамалық шкаланың иерархиялық бағыныштылық тұрғысынан төртінші дәрежелі бірлігі немесе бөлімшесі.[1]
Жаңа жыл - менің ең сүйікті мерекем Көңілімді шаттыққа бөлеп, жүрегіме ерекше жылулық сыйлайтын мерекелердің бірі – Жаңа жыл. Оның әлем халықтары үшін ортақ мереке болғандығы үшін қатты қуанамын. Жақындаған сайын қоршаған ортада өзгерістер болып жатқан секілді көрінеді. Құдды күллі әлем ертегі әлеміне саяхат жасайтындай. Бұл мерекені жүрегі мен тілегі бір үлкен отбасыммен өткізгенді жақсы көремін. Және отбасы мүшелерінің үйде болуының маңызы зор. Бірге болған кезде жаңа жылдық дастархан жайып, қызықты тақырыптарда әңгіме-дүкен құрамыз. Жыл сайынғы дәстүрлі тағамдарды дайындап, бір-бірімізді сыйлықпен қуантуға асығамыз. Алдын ала отшашудың түрлісін сатып аламыз. Ауыл мен қалада өтетін Жаңа жыл мерекелері бір-бірінен өзгеше. Ауылда үй-үйді танымастай болып әртістің киімін киіп аралаймыз. Сағат он екі болмастан, тілектер айтуға асығамыз. Ал қалада көршілер бір-бірін тек отшашуды атар кезде ғана көреді. Қонақ үйге шырша құрып, оны безендіру үшін өз қолымызбен ойыншықтар жасаймыз. Арасында ақ қағазға салынған қазақы ою да бар. Ал ең маңызды сәт – сыйлық беру рәсімі. Осы кезде іштей сыйлағанымды ұнатса екен, маған не береді деген сынды ойлардың жетегінде қаламыз. Ал сағат он екіге таяп қалған кезде Елбасымыздың тілегін тыңдауға асығамыз. Бәрі ұйықтап қалған соң күнделігімді ашып Аяз атаға хат жазамын. Былтырғы хатымның жеткеніне биылғы жыл куә. Сондықтан келер жыл жаңа өзгеріс пен бақыт алып келеді деген үміттемін.