М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ksenkalow4nhp
ksenkalow4nhp
03.01.2021 02:51 •  Қазақ тiлi

комеек 5 минут калды битируге


комеек 5 минут калды битируге

👇
Открыть все ответы
Ответ:
elay0205
elay0205
03.01.2021

«Жерұйық» көркемфильмі 1937 жылы Қиыр Шығыстан кәрістер жер аударылған Алматы облысы, Үштөбе аулында өскен сценарист Сон Лаврентийдің балалық шағы туралы фильм. «Жерұйықтың» көрермен назарына жол тартқанына да бір жылдың көлемі болып қалды. Фильмнің басты идеясы — Қазақстандағы көпұлттылық­тың пайда болуын көрсету. Режиссері  - Сламбек Тәуекел, ал сценарийдің авторы - Лаврентий Сон сол заманның тірі куәгерлері. Басты рөлдерді Болат Әбділманов, Назгүл Қарабалина, Сергей Попов, Бағлан Әбдіраимов, Тамара Қосубаева, Алтынай Нөгербек, Меңтай Өтепбергенов, Алексей Шемес сынды дарынды әртістер сомдайды. Алғашында «Атажұрт» деп аталып, кейіннен «Жерұйық» болып өзерген бұл фильмнің сюжеті қасіретті жылдардың ауыр жағдайында ізгілік пен адамгершілікті алға қойған Қазақстан халқының достығын бейнелейді. Сценарийі үш айда жазылып біткен фильм 2009 жылғы қарашадан 2010 жылдың қараша айына дейін Қаратал өзенінің бойында түсірілген.  «Адамзаттың бәрін сүй, ба­уырым деп». Ұлы Абайд­­ың осы сөзін беташар қылған картинаның көтерген жүгі барынша ауыр. Қазақ халқының қанына сіңген қонақжайлықты дәріптеген бұл көркем фильм бір жылдың ішінде-ақ, айтарлықтай деңгейде өз  көреременін жинап үлгерді. Біз тарих кітаптарынан ақтарып отырып оқитын Сталин заманындағы өзге  ұлттарды қазақ жеріне қоныстандыру саясатының құрбандарын және олардың кешкен ауыр да, азапқа толы тұрмыстарын осы фильмнен көре аламыз. Болат Әбділманов  сомдаған Орынбайдың бойына достыққа адалдық, қонақжайлылық, турашылдық, әділеттік жолында басын бәйгеге тігуге дайын батырлық сияқты жағымды қасиеттер топтасқан. Ұжымдастыру, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, соғыс сияқты небір зобалаңға тап келсе де, адалдығынан айнымаған, тектілігін жоғалтпаған, ізіне шам алып түскен сатқындардың сөзіне арбалмай, бір-бірін отқа итермеген мәрт адамдардың ерлігі еріксіз таң қалдырады. Кәріс, неміс, түрік, шешен, күрд және басқа да ұлттар амалсыз туған жерінен алыстап қазақ еліне келген кезде қатты жатсынады. Бірақ бауырмал қазақ халқы оларды төріне шығарып, бір үзім нанын да бөліп береді. Фильмде жұрттың берекесі мен бірлігін ойлап, елдің қамын жейтін нар тұлғалы азамат Орынбай - өмірде болған кейіпкер. Ол өз туған жерінен амалсыз көшіріліп әкелінген әртүрлі  ұлттарды жатырқамай, бауырына басады. Міне, қазақтың қазақшылығы да осында ғой... Нағыз бұқпасыз шындықты дәл көрсеткен көркем туынды сапасы жағынанан да ешқандай фильмдерден кем емес. Фильм соңы мәрт азамат – Орынбайдың Сібірге жер аударылуымен аяқталады.  

Объяснение:

4,4(15 оценок)
Ответ:
tyrone12
tyrone12
03.01.2021

Құстар келді

Шуақты көктемді табиғатта тіршілік иесінің бәрі тағаттана күтеді десем, артық айтпаспын. Себебі көктем келісімен, айналадағы тіршілік атаулының бәрі қысқы ұйқыдан оянып,  жер жүзі құлпыра түседі. Күннің көзі жарқырай түсіп, жылы жақтан құстар қайтып, бейне бір "көктем келді!" деп жарыса айналаға жар салғандай әндете түседі. Құстарды «көктемнің жаршысы» десек те болады. Жыл құстарының ішінде ең алғаш болып ұшып келетін құс - ұзақ, қарғадан сәл кішілеу, егер ұзақ ұясын биікке салса жаз жылы, шуақты болады, ал егер де төменге салса онда жаз салқын, жаңбырлы болады деп болжайды.

Құстар - керемет тіршілік иелері, әрі құстар - біздің досымыз. Көк аспан құстардың мекені, аспанды құссыз елестету мүмкін емес.

Міне, кезекті көктем келіп, күн жылынғанымен қоса, көктемнің жаршылары – құстар да жылы жақтан қайтуда. Жан – жақтың бәрінен тамаша құстардың сайраған дауыстары естіледі. Олар табиғатқа ерекше сән беріп, құстардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйін көтереді. Сөзімді әдемі өлең жолдарымен аяқтағым келеді:

Құстар, құстар келеді

Жерді шуға бөледі

Көктем келді деп бізге

Жақсы хабар береді.

Ән құрадым әніммен

Сән құрадым гүліммен

Қуантамын бәріңді

Құт - береке күнімен!

4,4(82 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ