Адам өміріндегі ең маңызды, есте қалатын кезеңнің бірі – жасөспірімдік шақ. Яғни, 11-20 жас аралығы. Мінезі де, сабағы да қиындап, қоршаған ортамен жанжалдасатын, сіркесі су көтермейтін уақыт. Әсіресе 7, 8, 9-сыныптарда оқитын оқушыларға тән көрініс.
Жасөспірімдер өздерінің енді бала емес екенін, алайда ересекке де жатпайтынын түсінеді.
Ересектерге еліктеп, солардың қылығын қайталайды, кейбірі зиянды әдеттерге әуес болады. Үлкендердің ақыл айтқанын жақтырмайды. Өйткені, өздерін ақылды сезінеді. Ата-аналарының айтқан ескертулеріне, мұғалімдерінің кеңестеріне қарсыласып, өре түрегеледі.
Бойлары да өсе бастайды, әсіресе қыздар тез жетілгендей болады. Аласа бойлы сыныптастарын менсінбей, жоғары сынып жаққа ұрлана қарау көбейеді.
Кейбіреулерінің түрлері де өзгеріп кетеді. Ал сыртқы келбет жасөспірімдер үшін бірінші орында. Сол себепті өзінің түріне көңілі толатын жасөспірім кем де кем.
Осы кезеңде жасөспірімдер «Мен кіммін?» деген сұрақты өзіне жиі қояды.
Шынымен де олар кімдер?
Бақытымызға орай, жасөспірімдік шақ өтпелі кезең. Оның ата-анасы, ата-әжелері де дәл осы кезеңнен өткен. Сондықтан әрбір жеткіншек өзіне түсініксіз қалыптың уақытша екенін есінде ұстағаны жөн.
Жасөспірімдер басындағы проблемаларға қарамастан, сабақ оқу, үй шаруашылығына көмектесу, үлкендерді сыйлау, кішілерге қамқор болу деген сияқты міндеттерді орындауға тиіс. Бір жағынан осы міндеттер оларды өз проблемаларынан алаңдатып, көңілін басқа жаққа аударады.
Қазір жасөспірімдерге арналған әдебиеттер дүкендерде де, ғаламтор жиегінде де көп-ақ. Әрбір жасөспірім өзін-өзі танумен айналысса, өз проблемаларын жеңілдетіп қана қоймай, болашағының бағытын да анықтай алады.
Объяснение:
Қыс – мезгіл ішіндегі ең пәк, ең ажарлы, ең сұлуы. Кең даланы ақ көрпеге орап, ақ дүниенің кіршіксіз белгісі болып жататын ақ қардың аңғалдығы, күн түссе еріп кететін нәзіктігін-ай!
Басқан сайын табаныңа жабысып, қытырлаған дауыс құлағыңа жеткен кезде құрышы қанып, көңілі босап сала беретіні де рас. Бұл – аппақ қардың дауысы. Қылышын сүйретіп келген қыстың аязы бетті қарыса да, тоңдырса да жаныңызда бір жылулық бар. Бұл – мезгілдің адамға әсері.
Қыс – балалық шақтың естелігі. Қыс – аппақ қар секілді кіршіксіз сезімдердің бастамасы. Шанасын көтерген балақайлар, олардың жүзіндегі қуаныш, қамсыз көңіл – бәрі-бәрі адамды бей-жай қалдырмайды. Қыстың самалына тоңған сыңай танытып, құшағыңызға тығылған сүйіктіңізді көргенде әлем сіздің алақаныңызда тұрғандай күй болады. Көктем бүр жарған сезімдерді қайта оятушы болса, қыс сол нәзіктікті ұстайтын, берік ететін мезгіл.
Омбы қарға көміліп, аунаған сайын қардың салқыны сезілмей де қалады. Табан астында – аппақ көрпе, төбеңізде – күн сәулесі. Бүкіл әлем күнәсіз періште дүниеге оң көзімен қарап тұрғандай. Сәулемен шағылысып көздің жауын алатын қар ұшқыны бейне бір жақұт тәрізді. Қолыңызға түссе еріп, бетіңізге тисе сусып сала беретін мамық қардың сізге айтары бар секілді...
Төрт мезгіл ішіндегі ең ұлы пейзажды жасайтын – қыс. Қаңтарда қақап, ақпанда сеңі соғылып, наурызда қоштасатын мезігілдің сезім алдындағы пәктігін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Терезеңізге сезім білдіріп жүрген аязды көресіз бе...?