Әдеби тілдің лексикалық нормасы.
Тіл мәдениетінің тірегі – әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері. Бұлар әдеби тілдің қоғамдық қызметімен астарласып жататындықтан, тіл мәдениеті ұғымының аясы кең.
Әдеби норма дегеніміз – тілдің таңдамалы, қолайлы, ой-пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйелері.
Әдеби нормалардың келесідей түрлері бар:
Лексикалық норма.
Грамматикалық норма.
Орфоэпиялық норма.
Орфографиялық норма.
Сөздерді орнымен қолдана білсек, лексикалық норманы сақтағандық болып табылады. Лексикалық нормаға диалектизмдер, кәсіби сөздер, дөрекі сөздер мен жаргондар жатпайды.
Лексикалық норма бойынша тілдегі түрлі мағынадағы сөздерді таңдап қолдана білу керек. Тілімізде мағыналары бір-біріне жуық бірнеше сөздер синонимдік қатар құрайды. Мысалы, ұстаз, мұғалім, оқытушы деген сөздердің мағыналары бір-біріне жақын.
Әңгіме тәрбиелеуші жайлы болғанда, мәтінде ұстаз сөзін қолдану тиімді.
Ал белгілі біт пәннен мектепке сабақ беретін маман жайында әңгімеленсе, мұғалім сөзін қолдану орынды.
Оқытушы сөзін жоғары оқу орындарында дәріс оқитын адам деген мағынада қолданамыз.
А.с Жетіқарақшы
І.с Жетіқарақшының
Б.с Жетіқарақшыға
Т.сЖетіқарақшыны
Ж.сЖетіқарақшыда
Ш.сЖетіқарақшыдан
К.сЖетіқарақшымен
Объяснение:
Атау септік сұрақтары:кім? не? кімім? кімің? кіміңіз? кімі?
нем? нең? неңіз? несі?
Ілік септік сұрақтары: кімнің? ненің? кімімнің? кіміңнің? кіміңіздің? кімінің?
немнің? неңнің? неңіздің? несінің? -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
Барыс септік сұрақтары: кімге? неге? қайда? кіміме? кіміңе? кіміңізге? кіміне?
неме? неңе? неңізге? несіне? -ға, -ге, -қа, -ке
Табыс септік сұрақтары:кімді? нені? кімімді? кіміңді? кіміңізді? кімін?
немді? неңді? неңізді? несін? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті
Жатыc септік сұрақтары:кімде? неде? қайда? кімімде? кіміңде? кіміңізде? кімінде?
немде? неңде? неңізде? несінде? -да, -де, -та, -те
Шығыс септік сұрақтары: кімнен? неден? кімімнен? кіміңнен? кіміңізден? кімінен?
немнен? неңнен? неңізден? несінен? -нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден
Көмектес септік сұрақтары: кіммен? немен? кіміммен? кіміңмен? кіміңізбен? кімімен?
неммен? неңмен? неңізбен? несімен? -мен, -бен, -пен