шымшық,торғай,қарға,сауысқан,тоқылдақ т.б. жылы жаққа ұшпайтын,біздің жақта қыстайтын дейді. Ал неге бұл құстар қыстап қалады?
(құстардың көбі суықтан қорықпайды.Суықтан олардың қалың мамықтары сақтайды.Қыс кезінде құс үшін қауіпті жағдай жемнің табылмайтындығы, соның себебінен көпшілік құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Қыстап қалатын құстардың түрі, түсі,дене пішіні, жемдерін қар астынан тауып жеуге икемделген.Сауысқан да,қарға да кез келген тамақты қорек ететін құстар.Қыста тамақ табу қиын болғандықтан, ауыл маңайында жүріп,түрлі тамақ қалдыктарымен қоректене береді.Олар қар астында қатып қалған төгінділерді де,тырнақтарымен тырнап босатып,мықты, үшкір тұмсықтарымен шоқып та қоректектенеді .Қырғауыл,құр сияқты құстар үшін қысқы тіршілік өте қиын. Олар бұталардың дәнімен,жемісімен қоректенеді.Орманды жерлерде тоқылдақ,суық-торғайлар да қыстайды.Тоқылдақ ағаш қабығының арасындағы бунақденелілерді тауып қоректенсе,оның қар бетіне түскен қалдығын торғайлар,шымшықтар теріп жейді.Сүйтіп тоқылдақтың әрекеті басқа құсқа көмек болады.Құрдың басқа құстардан ерекшелігі бірден көзге түседі.Құйрығына көңіл аударыңдар Қайқиып тұрған қалың қауырсынды құр алысқа ұша алмайды.Аязды күндері Қар астына кіріп, сонда түнейді.Күнкөзі шыққан кезде ғана қардан шығып,жемін іздейді.
Қыстап қалатын құстар.
Құстардың бір бөлігі құзде ұшып кетпейді, сол жерде қыстап қалады.
Оларды қыстап қалатың құстар деп айтады.
Қыстап қалатың құстар:торғай, көгершін, қарға, көкшымшық, тоқылдақ ,т.б. жатады.
Сондықтан біз қыстап қалатын құстарға қамқорлық танытуымыз керек. «Қамқорлық» дегеніміз адам бойындағы мейірім – шапағаттан туратын ізгілік.Қиналған, науқас, қарт адамдарға, сонымен қатар жан – жануарларға аяушылықпен қарау, қол ұшын беру, олардың жағдайын жасап, көмектесу жанашырлық көрсету жылы жүректіліктілікті білдіреді.Осындай жылы жүректен туған сол жақсылық, қамқорлық болып табылады.
Жалпы, қазақ халқы бала тәрбиесінде де қамқорлыққа аса назар аударып, бүлдіршіндерді кішкене күндерінен бастап «бір – бірлеріңе қамқор болыңдар» деп айтып, құлақтарына құйып отырады. Бұл дегеніміз, тек қарт немесе науқас адамдарға ғана жылыжүректілік таныту емес, барлық адамдарға, сонымен қатар жан – жануарларға, тіпті табиғатқа да қамқор болу деген сөз. Осы айтқаныма дәлел келтіріп көрейін: Қыс мезгілі басталып та кетті. Айналаның бәрі аппақ қарға оранған. Осында қыстайтын құстарға арнап балалар еңбекке баулу сабағында мұғалімнің көмегімен ұя жасауда. Бұл деген құстарға үлкен қамқорлық қой. Себебі, күн суытып, жердің бетін қалың қар басқан соң қыстап қалатын құстарға жем тауып жеу қиынға соғады. Ал оқушылар ұя дайын болған соң, оны ағаш басына іліп, әрдайым жем шашып тұрады. Сөйтіп, құстар қыстан аман - есен шығады. Ал сіз құстарға қамқорлық танытасыз ба?
Түркістан уәлиатының газеті 1870 жылы басылған
Объяснение:
Алғашқы газеттер — «Түркiстан уәлаятының газетi» (Ташкент, 1870 — 82), «Дала уәлаятының газетi» (Омбы, 1888 — 92). Бұдан кейiн Ордада және Оралда ағартушылық бағыттағы «Қазақстан» газетi (1911 — 13), Орынбор қаласында А.Байтұрсыновтың ұйымдастыруымен «Қазақ» газетi (1913 — 1918), ақын-демократ М.Сералин ұйымдастырған қазақ тiлiндегi тұңғыш журнал «Айқап» (1911 — 15) шықты. 1913 ж. 11 газет болса, 1975 ж. 407 газет, оның iшiнде 15 респ., 38 облысы, 271 ауданы, 8 қалалық, 69 көп тиражды және 1 ұжымшарлық газет болды. Қазан төңкерiсiнен бастап қазiргi кезеңге дейiнгi аралықтағы респ. газеттер: «Егемен Қазақстан» (бұрынғы «Социалистiк Қазақстан», 1919 жылдан), «Казахстанская правда» (1920 жылдан), «Жас Алаш» (бұрынғы «Лениншiл жас», 1921 жылдан), «Экспресс К» (бұрынғы «Ленинская смена», 1922 жылдан), «Ұлан» (бұрынғы «Қазақстан пионерi», 1930 жылдан), «Дружные ребята» (1933 жылдан), «Қазақ әдебиетi» (1934 жылдан), «Қазақстан мұғалiмi», «Учитель Казахстана» (1952 жылдан), «Спорт» (1959 жылдан), ұйғыр тiлiнде «Коммунизм туғи» (1957 жылдан), оның араб алфавитiмен шығатын «Йени һаят» («Жаңа өмiр», 1970 жылдан) қосымшасы және үш ауданы газет; корей тiлiнде «Ленин кичи» («Ленин туы», 1938 жылдан); немiс тiлiнде «Фройндшафт» («Достық», 1966 жылдан); өзбек тiлiнде екi ауданы газет шығады. Респ. журналдар: «Ақиқат» (бұрынғы «Қазақстан коммунисi», 1921 жылдан), «Здравоохранение Казахстана» (1923 жылдан), «Қазақстан әйелдерi» (1925 жылдан), «Народное хозяйство Казахстана» (1926 жылдан), «Жұлдыз» (бұрынғы «Әдебиет және искусство», 1928 жылдан), «Мысль» (бұрынғы «Партийная жизнь Казахстана», 1930 жылдан), «Простор» (1932 жылдан), «Қазақстанның ауыл шаруашылығы», «Сельское хозяйство Казахстана» (1936 жылдан), «Ара», «Шмель» (1956 жылдан), «Парасат» (бұрынғы «Мәдениет және тұрмыс»), «Балдырған», «Автомобильный транспорт Казахстана», «Кооператор Казахстана» (1958 жылдан), «Зерде» (бұрынғы «Бiлiм және еңбек», 1960 жылдан), «Жалын» (1969 жылдан), т.б.