Мен үшін ең қымбат байлық су
Су - тіршілік көзі, өмірдің қуаты. "Судың да сұрауы бар" дейді аққан судың қадірін білген дана халқымыз. Күнделікті судың қадірін біле бермейтініміз - шындық. Сарқырап су ағып тұрған соң бір тамшы суға зар болған жандардың басындағы ауыртпашылықты қайдан білейік? Ағызып қойып соны ойлай бермейміз-ау. Ал барша мұсылманға қасиетті Рамазан айында ораза ұстағанда, Алла разылығы үшін ас-судан тыйылып, күн батқанша қара су аузың жетпегенде ғана не дүниенің парқына барасың. Күн еңкейе батып, ауызашар уақыты кіргенде ұрттаған суыңнан балдай, одан артық бақыт сыйлар дүние бар ма, шіркін!
Табиғатта болып жатқан алуан түрлі құбылыстар желісі, алуан түрге енетін әуе кеңістігі, қызылды-жасылды ағаштар жемісі – бәрі-бәрі а таңқалдыратыны сөзсіз. Міне, а ң табиғатты жырлау шеберлігі, табиғатпен сырласуы – осының айғағы. Қалай десек те, табиғаттың күйін, әсемдігін, қазынаға толы қоймасын көрсек жанымыз тойғысыз, жырласақ тіл жеткісіз. Дүниеге жаңа зымырандар, адуынды автомобильдер, тікұшақтар, мықты моторлы қайықтар, роботтар келді. Ғылымдағы озық техниканың жетістігі саналатын мұндай жаңа дүниелер құпияға толы табиғаттан үйренген а ң жетістігі екендігі рас.