М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Negogda
Negogda
01.04.2022 19:43 •  Қазақ тiлi

Александр Николаевич Винокуров 1973 жылы 16 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында дүниеге келген. Қазақстандық танымал велошабандоз, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионы, 2012 жылғы Лондон олимпиадасының чемпионы, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, «Тур де Франс» әлемдік веложарысының қола жүлдегері, әлем чемпионы, Испаниядағы "Вуэльта" көпкүндігінің жеңімпазы. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Ол кәсіби веложарыспен айналысуды 1997 жылы «Казино» командасы құрамында бастады. Оның алғашқы жетістіктерінің бірі 1998-1999 жылдардағы «Дюнкерк төрт күні» және «Dauphiné Libéré» көпкүндік жарыстағы жеңісі болды. Бұл жетістіктері спортшының 2000 жылы күшті және әйгілі «Deutsche Telekom» (2004жылдан «T-Mobile») велотобына енуіне әсер етті. 2006 жылы Винокуров Испания командасының капитаны ретінде «Тур де Франц» көпкүндігіне қатысты. 2006 жылдан қазірге дейін ҚР «Астана» командасының құрамында. Командалық жарыста Азия ойындарының чемионы (1994), Топтық жарыста олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері (2000), «Париж-Ницца» көпкүндік веложарысының жеңімпазы (2002-2003), «Тур де Франс» кезеңдерінің (2002-2003), «Amstel Gold Race» Әлем кубогы кезеңінің (2003), «Швейцария турының» (2003), беделді біркүндік «Льеж-Бостон-Льеж» веложарысының (2005,2010) жеңімпазы, жекелей жарыста әлем чемпионатының қола жүлдегері (2004, 2006). «Тур Байери» көпкүндік жарысына қатысушы (2005) - 2-орын, «Тур де Франс» көпкүндік веложарысының қола жүлдегері (2003, 5-орын - 2005), «Тур Германии» (2003) - 3-орын, көпкүндік веложарыстарының қола жүлдегері. Алтантадағы (1996), Сиднейдегі (2000) - 2-орын, Афиныдағы (2004) - 5-орын, Олипиадалық ойындарға қатысушы. ҚР ұлттық чемпионатының көптеген дүркін жеңімпазы. Азия чемпионатының жеке және топтық жарыстарындағы жеңімпаз, күміс жүлдегер (2009), Vuelta a Espana веложарысының басты есебінде жеңімпаз (2006), «Льеж-Бостон-Льеж» командалық бір күндік жарысында жеңімпаз (2010), «Тур дель Третино»жарысының жеңімпазы (2010!), «Тур де Франс» 13-кезеңінің жеңімпазы (2010).
«Парасат», ІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.

Бірінші мәтіннің қысқаша мазмұнын жаз.
Екінші мәтін бойынша 2 сұрақ құрастыр.

👇
Ответ:
neush
neush
01.04.2022

Александр Николаевич Винокуров- Қазақстандық танымал велошабандоз.Ол 1973 жылы 16 қыркүйекте дүниеге келген.Ол тек Қазақстанда ғана жарысып қоймай,сонымен қатар басқа елдергеде барып өз өнерін көрсеткен.Оның жүлделері өте көп. Мысалы айта кететін болсақ ол Лондонда өнер көрсетіп,Лондон чемпионы атанған.

4,6(66 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Qween123452003
Qween123452003
01.04.2022

Менің үйім туралы.

Біз қаламыздың орталығында төрт бөлмелі пәтерде тұрамыз. Үйіміз тоғыз қабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан. Үйіміздің бөлмелері кең, жарық, сонымен қатар әрқайсысы бөлек – бөлек орналасқан. Қарындасым екеуміздің әрқайсымызда өз жатын бөлмелеріміз бар. Бөлмемізде өзімізге қажетті жиһаздың бәрі де бар: жататын төсек, киім мен ойыншық жинайтын шкафтар, кітап қоятын сөрелер мен сабақ оқитын үстел мен орындық.

Жақында ата – анам үйге жөндеу жұмыстарын жасап, ас үй мен қонақ бөлмесін біріктірген болатын. Барлығымыздың ойымызша бұл өте ыңғайлы, әрі қонақ бөлмесі де кеңейіп қалды.

Үйіміздің ауласы да өте керемет – үлкен кісілер демалып, көлеңкеде отыратын ыңғайлы орындықтар, кішкене балалар ойнайтын ойын алаңы да бар. Бұл алаңда кешкісн көрші балалар бәріміз жиналып, түрлі ойындар ойнағанды ұнатамыз. Ауланы осы таза қалпында ұстап тұру үшін көктем келісімен көршілер бірігіп, есік алдында сенбілік өткіземіз, себебі ауламыздың тазалығы өзімізге жақсы.

Үйдің орналасқан жері де өте ыңғайлы, қаланың орталығы болғандықтан кез – келген бағытқа қоғамдық транспорт жүреді. Үйіміздің дәл жанында ірі сауда орталығы, аурухана, мектеп, кітапхана, түрлі банктер мен кішігірім дүкендер орналасқан. Мектеп жақын болғандықтан мектепке он минут ішінде жаяу барамын.

4,6(2 оценок)
Ответ:
begem0tcs
begem0tcs
01.04.2022
Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ шөл, ойлы-қырлы панасы бар.
Сол жерде ел жоқ, көл жоқ өсiп-өнген,
Жәндiктiң киiк деген баласы бар.

Киiктi қазақ және дейдi бөкен,
Бетпақты байғұс бөкен қылған мекен.
Киiктi атып аңшы өлтiргенде,
Жазықсыз жан өлдi деп ойлай ма екен.

Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедiм,
Басқаға жануарды-ау теңгермедiм.
Көздерi мөлдiр қара ақ бөкендi,
А кем көрмедiм.

Азайды соңғы кезде байғұс бөкен,
Мың-мыңдап баяғыда жүредi екен.
Бұл күнде келе жатқан жолаушыға,
Кездесiп анда-санда саяқ некен.

Кей қазақ кәсiп қылып киiктi атқан.
Мүйiзiн пайда қылып-ау шетке сатқан.
Сандалған бiр киiктi ұшыраттым,
Бiр жылы-ау Бетпақ шөлде келе жатқан.

Бетпақта келе жатыр ақсақ киiк,
Бiр жүрiп, бiрде тоқтап, басын иiп.
Қоярға шыбын жанын жер таппайды,
Мергеннiң кеудесiнде болып күйiк.

Тамады қара жерге аққан қаны,
Қиналып ентiгедi шыбын жаны.
Боялып ақ денесi қызыл қанға,
Келедi әлi бiтiп, жығылады.

Сандалып келе жатыр ақсақ киiк,
Бiр тоқтап, бiрде жүрiп әлiн жиып.
Ақбөкен сахараның ботакөзi,
Атты екен қандай адам көзi қиып.

Ақбөкен сахарада қына терген,
Кiм екен жапан түзде сенi көрген.
Аяныш сезiмi жоқ бiр қазақ-ау,
Дәл көздеп жүрегiнен атқан мерген
4,6(73 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ